×

Әбдімәлік: Асаубаеваның шылғи өтірігі мен екіжүзділігіне қарамастан, қабылданған шешімге өкінбеймін

Отбасылық өмір мен кәсіби мансапты қатар алып жүрген көптеген керемет шахматшыны білемін және оларға шын жүректен тәнтімін

Әбдімәлік: Асаубаеваның шылғи өтірігі мен екіжүзділігіне қарамастан, қабылданған шешімге өкінбеймін
ашық дереккөзден

Қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаеваның сынына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Делидегі  Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) әйелдер арасындағы Гран-Придің үшінші кезеңіне қатысып жатқан шахматшылар ұйымдастырушылар жасаған жағдайға көңілі толмаған. Шахматшылар ФИДЕ президенті мен басқарушы аппаратына наразылығын білдіріп, ұжымдық хат жазып, жарысты кейінге қалдыруды немесе өткізбеуді сұраған. Хатқа Гран-Придің барлық қатысушысы, оның ішінде Бибісара Асаубаева да қол қойған. 

Бибісара Асаубаеваның бірнеше рет этикаға жат қылығына назар аудармауға тырыстым, бірақ енді жауап берер сәт келген сияқты. 
Ең әуелі Асаубаева жазбасында қолданған фотосурет қазіргі жағдайға сәйкес келмейтінін айтайын, бұл шахматсүйер қауымды шатастырады (сурет 2021 жылы әлем кубогында түсірілген).
Енді Үндістандағы Гран-Приде туындаған ахуалға келсек: мен және әріптестерім (оның ішінде Асаубаева да бар) ұйымдастырушылар жасаған жағдайға ренжіді (ренжіді деген бер жағы). Кеңесе келе, ФИДЕ президенті мен басқарушы аппаратына наразылығымызды білдіріп ұжымдық хат жазуды шештік, жарысты кейінге қалдыруды немесе өткізбеуді сұрадық.
Хатқа Гран-Придің барлық қатысушысы (Асаубаева да) қол қойды. Қатысушылардың ұжымдық наразылығына байланысты ұйымдастырушылар турнирді кейінге қалдыруға мәжбүр болды.
Өз басым ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович пен атқарушы директор Эмиль Сутовскийге мұндай жағдайда бірсөзді болуды айттым. Аркадий Владимировичтің жауабы карусельде. Бибісара Асаубаеваның шылғи өтірігі мен екіжүзділігіне қарамастан, қабылданған шешімге өкінбеймін және шахматшылар қауіпсіз әрі жақсы жағдайда ойнауға лайық екеніне сенімдімін.
Әрқашан өз елімді мақтан тұтамын және намысын абыройлы қорғаймын!
Үндістандағы Олимпиаданы әлі де жылы сезіммен еске аламын, бірақ Делидегі жағдай шынымен де ыңғайсыз.
Бұл жазба үшін әріптестерімнен кешірім сұраймын, бірақ өзімді қорғауға мәжбүрмін, – деп жазады ол.

Тағы оқыңыз: «Қатемді мойындауға дайынмын»:  Бибісара Асаубаева кешірім сұрады

Сондай-ақ ол отбасылық өмір мен кәсіби мансапты қатар алып жүрген шахматшыларға тәнті екенін жасырмайды. 


Міндетті түрде тұрмысқа шығамын, күйеуіме қуана тамақ әзірлеймін. Отбасылық өмір мен кәсіби мансапты қатар алып жүрген көптеген керемет шахматшыны білемін және оларға шын жүректен тәнтімін, – деді ол.

Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) әйелдер арасындағы Гран-Придің үшінші кезеңі 24 наурыз бен 6 сәуір аралығында Үндістан астанасы Нью-Делиде өтетінін еске сала кетейік. Онда бақ сынайтын 12 шахматшы арудың арасында екі қазақстандық спортшы болған. Олар – Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Кеше, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →