×

Жаңаөзеннің үш жылдық бюджетіне өзгеріс енгізіледі

Құжат 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады

Жаңаөзеннің үш жылдық бюджетіне өзгеріс енгізіледі

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы "2023 - 2025 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы" шешіміне өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Ашық НҚА сайтында жарияланған құжатта қала бюжеті 17 138 606 мың теңгеге дейін артатыны айтылған, оның ішінде 11 926 861 мың теңге – салықтық түсімдер.

Айта кетері, өткен жылдың соңында қала бюджеті 11 638 218 мың теңге көлемінде бекітіліпті. Яғни, жаңа редакцияда 5,5 млрд теңгеге артқан.

Құжат 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда шаруашылықтар егістікке жаңа агротехнологияларды енгізуде
Бүгін, 21:31

Жетісуда шаруашылықтар егістікке жаңа агротехнологияларды енгізуде

Облыс әкімі Көксу ауданындағы көктемгі егіс жұмыстарының барысын көрді
Жоба көпқабатты үйлерді басқаруды жетілдіруге және тұрғындардың қатысуын арттыруға бағытталған тиімді тетік
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →