×

Атырауда мүмкіндігі шектеулі балаларға берілетін көмек мардымсыз - аналар шағым айтты

Әкімдік алдында 4 сағат күткен олардың алдына облыс әкімі емес, оның орынбасары шықты

Атырауда мүмкіндігі шектеулі балаларға берілетін көмек мардымсыз - аналар шағым айтты
Фото: Almaty.tv

Атырауда мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған 40 шақты ана мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмекке қатысты шағым айтты. Облыс әкімдігінің алдына жиналғандар жәрдемақы көлемін ұлғайтуды әрі шипажай мен баспана кезегін жылжытуды талап етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

Мүгедек жан асырап отырған 40-қа жуық ана ала таңмен облыс әкімдігінің алдына жиналды. Олар балаларына берілетін әлеуметтік көмекке қатысты шағым айтты. Ерекше бала күтімімен отырғандарға тиесілі тегін жол ақысы қарастырылмаған, ортопедиялық аяқ киім өлшемі үлкен әрі сапасыз. Көпшілік шипажайға берілетін көмекті де жарытпайтынына наразы.

“Неге біздің балаларға жағдай жасамайды?! Ортопедиялық аяқ киімнің мәселесін көтеріп келе жатқаныма қанша жыл болды? Сапасыз, нашар, өлшемі дұрыс келмейжді. Неге баламыз жалаң аяқ жүруі керек? Санаторийді де алып тастады. Инватаксиді тек бір рет апарады”, – деді қала тұрғыны Гүлжан Құсайынова.

“Жылына берілетін көмекті аналардың кіріс есебіне қатысты анықтама сұрамай-ақ берсе. Себебі тек бір пенсиямен күн көріп отырған соң, ол ақша жетпейді. «60-70 теңге асып кетті» деп көмек берімейді. Қаншама ана ала алмай отыр”, – деді қала тұрғыны Жанна Амантай.

Жиналғандарды жылжымайтын баспана кезегі де алаңдатып отыр. Олар «Бақытты отбасы» бағдарламасының шапағатын әлі күнге дейін көре алмай келеміз» деп наразылық білдірді.

“10 жыл болды пәтер жалдап келемін. «Бақытты отбасы» бағдарламасы шықты. Бізді негізгі тізімге енгізген, бірақ әлі үй жоқ. Алты отбасыға берді, қалғаны сонда не адам емес пе, адам құрлы көрмейді. Талабымызды орындасын, әйтпесе Президентке дейін барамыз”, – деді қала тұрғыны Назерке Досқалиева.

Әлеуметтік салаға жауапты шенділердің құрғақ уәдесінен шаршаған аналар облыс әкіміне арнайы келді. Алайда Әкімдік алдында 4 сағат күткен олардың алдына облыс әкімі емес, оның орынбасары шықты.

“Өңірлік деңгейде шешілетін мәселелер бар. Олар өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешімін табуда. Ал баспанамен қамту, әлеуметтік порталға өзгеріс енгізу мәселелері бойынша ұсыныс енгіземіз. Бүгін өтінішін айтып келген тұрғындарды облыс әкімі 2 маусымда жеке қабылдайды", – деді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев

Әкімдік өкілі өтініш айтып келгендерді жуырда облыс басшысының өзі жеке қабылдайды деп сендірді. Ал күте-күте тағаттары таусылған аналар жергілікті биліктен қайыр болмаған соң, Мемлекет басшысына бейнеүндеу жолдады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
25.04.2024ж. 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →