×

Украиналық блогер көзіне жас алып, қазақ халқына алғыс айтты

Украиналық блогер TikTok-та жантебірентер видео жариялады

Украиналық блогер көзіне жас алып, қазақ халқына алғыс айтты

Украиналық блогер өзінің Tik-Tok парақшасында видео жариялады. Онда ол қазақ халқына деген құрметі мен сүйіспеншілігі туралы айтты, деп хабарлайды qaz365.kz.

Блогер алдымен өз ойын барлығына түсінікті болу үшін орыс тілінде жеткізетінін ескертті.

“Құрметті, Қазақ халқы!  Сіздерге деген сезімімді сипаттауға сөз таба алмай отырмын. Сіздер біз үшін қандай жақсылық жасап жатқандарыңызды өздеріңіз түсінбейтін шығарсыздар. Біз сіздерге ешқашан «Бауырымыз» демесек те,  біз үшін қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созып, нағыз бауырмалдық танытып жатырсыздар. Жарықсыз, жылусыз отырсақ та, өздеріңіздің лебіздеріңіз көңілімізге нұр сеуіп, жүрегімізді жылытты. Соғыс аяқталған соң, бізге қонаққа келіңіздер. Сіздерді жақсы көремін”, - деді видео авторы.

Мыңдаған украиналық авторды қолдап пікір білдірген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →