×

50 мыңнан астам адам петицияға қол қол қойды. Алматылықтар әкім Досаевтың оставкасы туралы не ойлайды?

Кейбіреулер тіпті бұрынғы әкім Ахметжан Есімовті сағына бастапты

50 мыңнан астам адам петицияға қол қол қойды. Алматылықтар әкім Досаевтың оставкасы туралы не ойлайды?
коллаж Qaz365.kz

Алматылықтар қала әкімінің қызметіне риза емес. Таяуда шаһар басшысы «орнын босатсын» деген петиция жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Петицияға қазірдің өзіңде 50 мыңнан астам қол қойып үлгерген.

«Ерболат Досаев Алматыға әкім болып сайланғалы тұрғындардың мәселесі көбейіп кетті. Тыйым салынған жерлерде өмірі бітпейтін құрылыс жұмыстары, жөндеуді қажет етпейтін жолдарды қайта жасау, жиектастарды ауыстыру жұмыстары жүріп жатады. Оның үстіне әкімнің брифингте халыққа өктем сөйлеуін қала тұрғындары ұнатпайды», - делінген петицияда.

Автор жақында Сейфуллин көшесіндегі көпірдің граниттен жасалған сапалы тас қабырғалары алынып тасталғанын жазған. Оның орнына арзан плиткалар қойылған. 

«Мұның бәрі бюджеттен мүмкіндігінше көп ақша алу үшін істелетін тәрізді. Осы петицияға қол қойған азаматтардың атынан Қазақстан Республикасының президентінен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты отставкаға жіберуді сұраймыз», - делінген үндеуде.

Петиция 6 шілдеде жарияланған. Дегенмен, бұл петицияның өзінде сәйкессіздіктер табылды. Әлнұр Әбдиев дауыстар бұрмаланды деп есептейді.

«2 сағат бұрын оның отставкаға кетуіне қарсы қол қойғандардың саны 300-ге де жетпейтін. Арада екі сағат өткенде 13 000 мың дауыс тұр. Төрт күн демалыста бюджет қызметкерлерін қысқан шығар», - дейді Әлнұр Әбдиев. 

АИТВ жұқпасына қатысты жанжалдан кейін Досаев тіпті оставкаға кету-кетпеуін де түсіндірді.Адамдардың көбісі әкімдікке АИТВ жұқпасына байланысты емес, жол жөндеу жұмыстары қаладағы онсыз да көп көлік қозғалысын қиындататынын айтып, шағымданады. 

«Жұмысқа баратын такси үш есе қымбаттады. Өйткені жол жүру уақыты кептеліске байланысты ұлғайды. Орталықта Абай көшесінің төменгі жағын жапқандықтан (Абылай хан даңғылы), көлік ағыны Фурмановқа жеткен. Сол жерде бағдаршамды дұрыс орнатпаған. Солға бұрылу бағдаршамы тек үш секундқа жанады. Сосын жол апаты, ұрыс-керіс – бәрі көбейеді», - деп жазады Евгений Дробязко.

«5 қаңтар» Telegram-арнасының хабарлауынша, Досаев әл-Фараби даңғылының бір жыл бұрын 2 миллиард теңгеге жөндеу жұмыстарынан бас тартқан. Бірақ соған қарамастан, енді одан көп ақшаға яғни 2,9 миллиард теңгеге жөндеп жатқан көрінеді. Кейбіреулер тіпті бұрынғы әкім Ахметжан Есімовті сағына бастапты.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, қала әкімі туралы шын мәнінде не ойлайтынын алматылықтардың өздерінен білуді жөн көрдік. Біз сауалнама жүргіздік, оның нәтижелерін төмендегі видеодан көруге болады:

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →