×

Теміртаудағы жылу электр орталығын жөндеу жұмысы кешеуілдеп жатыр

Роман Скляр Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің жылу беру маусымына дайындығын тексерді

Теміртаудағы жылу электр орталығын жөндеу жұмысы кешеуілдеп жатыр
primeminister.kz

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға Теміртау жылу электр орталығын жөндеуге жұмысшы жетпей жатқанына шағымданды. Осы жағдай нысандағы жұмысты кешіктіруде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Роман Скляр Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің жылу беру маусымына дайындығын тексерді. Сапар барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Теміртау жылу электр орталығындағы жөндеу жұмысымен танысты, деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ 2-ЖЭО-сында жылу беру маусымына дайындық және жетінші қазандықтың құрылысы туралы кәсіпорынның бас директоры Владимир Яблонский баяндады. Оның айтуынша, үш қазандық пен үш турбиналы генераторды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ жетінші қазандықты салу бойынша маңызды жобаны іске асыру кешіктірілуде: нысанда жұмысшылар жетпей жатыр, негізгі жабдықтар кешігіп орнатылуда", – делінген хабарламада.

Бұл ретте Роман Скляр құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігін белгілеп, ескерту жасады. Ол жылу маусымына дайындық жүріп жатқан Топар, Шахтинск және Қарағандыға барды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →