×

minber.kz сайты азаматтық журналистерді іздейді

minber.kz сайты азаматтық журналистерді іздейді

Егер Сіз қоғамдағы өзекті мәселелерге немқұрайлы қарай алмасаңыз, егер Сіз журналист болғыңыз келсе, көкейіңізде сізге маза бермейтін сауал көп  болса, ол сауалдарды зерттеп, жауабын тапқыңыз келсе және жедел ақпаратты жариялап тұрғыңыз келсе, ерекше оқиғалардың куәсі болып, оны көпшілікпен бөліссем десеңіз, ерекше адамдармен сұхбаттасып, Қазақстанның адам аяғы баспаған ерекше мекендер туралы ой қозғасам десеңіз онда осы жолы қапы қалмаңыз! 

www.minber.kz сайты дәл осындай адамдарды іздейді! Бізге Қазақстанның әр түкпірінен азаматтық журналистер керек. Сіздің жасыңыз, біліміңіз (журналистік біліміңіз болмауы керек) маңызды емес. Бастысы cіздің белсенді азаматтық позицияңыз бен бұл әлемді жақсы жағына қарай өзгертуге деген ниетіңіздің болуы.

“Мінбер” сізге жаңа платформа ұсынып отыр, сіз біздің команда құрамында қызықты сұхбаттар ұйымдастырып, репортаж дайындап, ақпаратты талдап және тексеруді үйренгіңіз келсе, фото және видео түсіруді мақсат етсеңіз, мархабат, біз сізді күтеміз.

“Азаматтық журналистер” жобасының ерекшелігі сіз жоба барысында кәсіби мамандар дайындаған түрлі тренингтер мен шеберлік сағаттарына қатысасыз, білім мен дағды аласыз. Сіздің еңбегіңіз ақылы болады, азаматтық журналистерге арналған қаламақымыз бар. Сіз жоба соңында ұйымдастырылатын қатысушылар арасында өтетін байқауға қатысып, бақ сынап, үздік бола аласыз.

Біз Internews Kazakhstan халықаралық мекемесі ұйымдастырған “Азаматтық журналистер” жобасына қатысып, грант ұтып алдық. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 6 қаңтарында аяқталады. Азаматтық журналистерді таңдау конкурстық негізде өтеді. Егер сіз Азаматтық журналист болғыңыз келсе, мына сілтемедегі анкетаны толтырыңыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған
25.03.2024ж. 16:42

Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты
Ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады  
Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →