×

Әжетханадағы қыздар төбелесі. Жәбірленушінің анасы қызын зорламақ болғандардың бостандықта жүргенін айтты

Топтағы 14 адамның әрқайсысының өзіндік рөлі болған деп отыр

Әжетханадағы қыздар төбелесі. Жәбірленушінің анасы қызын зорламақ болғандардың бостандықта жүргенін айтты
коллаж qaz365.kz

Сәуір айының басында Өскемендегі әжетханадағы қыздардың төбелесі туралы видео желіге таралып, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.  9 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  күдікті деп танылған 2 бойжеткенді үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын, ал үшінші қызға бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындаған болатын. Бірақ жәбірленуші тарап мұнымен келіспейді. Өйткені олар ұйымдасқан қылмыс болған, сондықтан әлі де бостандықта жүргендері жазалануы тиіс деп санайды. Аппеляциялық шағым да түсірген, деп хабарлайды Qaz365.kz. Астанадан келген жәбірленушінің адвокаты Саида Сүлейменова Qaz365.kz тілшісіне жағдайды баяндап берді.

«Тергеу материалдарына тағы да басқа құқықбұзушылықтарды қосу қажет. Мәселен, тергеу барысында бұған дейін сотталған үшеуінен бөлек, медициналық колледж, педагогикалық колледж студенттері бар екені анықталды. Осы істе кәмелеттік жасқа жеткен ұлдардың да қатысы бар екені белгілі болды. Алайда белгілі бір себептермен олардың барлығы тек куәгер ретінде жауап берді. Сот отырсында жазаға кесілгендердің өзі айтты. Бұл қылмыстық іске қатысушылардың саны жаза арқалаған үшеуімен ғана шектелмейді. Бүгін бірінші сатыдағы апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды. Түсірген шағымымыз қанағаттандырылған жоқ», - деп жауап берді адвокат.

Ол осы ретте осы қылмысқа қатысы бар, жаза арқалау керек деп санайтын адамдарының санын айтты.

“Менің қорғауымдағы жәбірленушіден сотталушылардың бірі ұялы телефонын тартып алған. Сосын бір күннен кейін қайтарып берген. Бірақ өзі емес, колледж қызметкерінен берген. Бұл факт бопсалауды растайды. Біз бірінші сатыдағы сот отырысында осыған қатысты жеке шешім шығаруды сұрадық. Одан кейін тергеу барысында менің қорғауымдағы адамнан ақша ұрланғаны белгілі болды. Бұған қатысты да да құқықтық баға берілген жоқ. Менің ойымша, тергеу бұл мәселені қарастыратын шығар. Бірақ бізде сұрақтар көп.  Жасырын қалып жатқан мәселе көп. Сот үкімі заңды күшіне енген кезде бұл туралы айтуға болады. Осыған байланысты бұл бағыттағы тергеу де өз құқықтық бағасын берді”, - дейді Саида Сүлейменова.

Ол қазіргі кезде таратылған видеолар қызықтыратынын айтып отыр. Өйткені жәбірленуші тарапқа жеткен мәлімет бойынша бір қыз қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алайда, видеоны таратқан азамат кәмелеттік жасқа толмағандықтан, іс тоқтатылыпты.

«Шын мәнінде бұл – тұтас бір ұйымдасқан қылмыстық топ. Олар алдын ала келісе отырып, пәтерде бопсалау арқылы зорлауға дайындаған. Мұны қандай да бір себептермен жасырады. Ал осы ретте тартып талған телефонға қатысты айтар болсам, мұны сотталған қыздардың бірі өз мойнына алды. Олар телефонды бір күн ұстауларының себебі қорғауымдағы қыздың анасы Kaspi-ге ақша аударатынын айтқан. Соны шешіп алған соң, келесі күні колледж қызметкері арқылы беріп жіберген. Бұл жағдайлардың бәрі сотта ескерілмей, кадр сыртында қалды», – дейді қорғаушы.

Адвокат сотталушылардың бірінің анасының білім саласындағы жұмысы туралы да мәселе көтерді. Өйткені ол Өскемен қалалық білім бөлімінде кадр бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. Басқарма басшысы Сәуле Алагөзова осы шулы жағдайдан кейін ғана қызметінен кеткенін хабарлады. Дегенмен, бұл өтірік болуы мүмкін екен.

«Біз осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды оқу орындарынан шығаруды сұрадық. Кәмелетке толмағандардың кейбірін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар D тіркеуіне қоюы қажет. Алайда мұндай тіркеу де жоқ. Бізге ашық жауап бермеді. Ұрып-соғып, ақша бопсалаған екеуі кәмелетке толмағандар колониясына қамалды. Біреуі тек бұзақылық бабы бойынша ғана жазаға тартылды. Оның бір жыл апробациялық бақылауы бар. Біз колледжден шығаруды сұрадық. Бірақ оқу орыны бұл өтінішімізді қанағаттырмады. Содан кейін оның ойын-сауық орындарына және т.б. баруға құқығы жоқ. Қалған 14 адам бостандықта. Арасында жігіттер бар. Біреуі әскерге кетті. Бұлардың ешқайсысы жазаға тартылмады», - дейді Саида Сүлейменова.

Сонымен қатар жәбірленушінің анасы да сот шешіміне қатысты жантүршігерлік деректі жариялады.

«Сотта кәмелетке толған бала сотталушы қыздардың пәтер жалдағанын, қызымды зорлауды жоспарлағанын айтты. Сол үшін олардың да жазалануын қалаймын. Олар пәтерді дайындады, камералар қойды. Бұл бопсалау болуы мүмкін. Сондықтан істің қайта ашылып, бостандықта жүргендердің жазалануын талап етемін», – дейді Альмира Досымова.

Осы істі ұйымдастырғандар жәбірленуші қызды пәтерге апарып, зорлатуды жоспарлаған көрінеді. Сол үшін екі ұл баланы шақырған. Алайда олар кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан. Осыдан кейін жәбірленуші қорқытуды, ұруды бастайды.

«Шығыс Қазақстан облыстық білім бөлімінің басшысы Инесса Чернышоваға келетін болсақ, бұл адам менің қорғауымдағы қызға ешқандай психологиялық көмек көрсетпегенін айтқым келеді. Бірақ БАҚ өкілдеріне үнемі барлық көмекті көрсетіп жатқанын айтады. Шын мәнінде, мұнда бәрі керісінше. Колледжде директордың орынбасары жәбірленуші қыздан құжаттарын алып кетуді сұраған. Ол мұғалімнің кім екенін айта алмаймын, бірақ кейін белгілі болады деп ойлаймын», - деді Саида Сүлейменова.

Ол жәбірленуші қыздың 1 қыркүйекте оқуына барып, сабағын жалғастыратынын айтты.

«Мен онымен сөйлестім, ол «иә, мен дайынмын, оқығым келеді» дейді. Алайда, ол оқитын колледж директорының орынбасарына ешқандай құқықтық баға, тәртіптік бағалау қарастырылмаған. Осындай жағдайда колледжің іс-әрекеті мүлдем ақылға сыймайды. Өз бастарын алып қашқан. Яғни директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: «Құжаттарыңды ал да, ауылыңа кет, бұл жерде бізге артық мәселенің керегі жоқ» депті. Ол менің қорғауымдағы қызға осылай қысым көрсеткенін ескерсек, алдағы оқу жылында тағы алаңдаймыз. Жәбірленшуі бұл колледжде әлі бір жыл 10 ай оқуы керек. Дипломын алған соң, әкімдік, білім бөлімі, колледж оған деген қамқорлықпен қарайды деп сенемін. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің осыған үлес қосуын сұраймын. Колледжге келіп, мұғалімдермен сөйлескендеріңізді қалаймыз. Себебі оның оқу үлгерімі жақсы, бұл оған қысым жасамас үшін үміт береді», - деп қорытындылады сөзін адвокат.

Еске салайық, сәуірдің басында әлеуметтік желіде өскемендік қыздың соққыға жығылған видеосы пайда болған еді. Видео дәретханада түсірілген, онда бір қыз екіншісін қатыгездікпен ұрады. Тағы бір қыз оқиғаның бәрін видеоға түсірген. «Не Молчи» қорының директоры, құқық қорғаушы Дина Таңсәрі де қызды біреуге зорлатып, оны видеоға түсірмекші болғанын айтқан еді.  Қылмысты жоспарлау үшін Telegram-да «Тема», «Свои» теген топтар құрылған. Топтағы 14 адамның әрқайсысының өзіндік рөлі болған деп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →