×

Экс-әкім журналист Сандуғаш Дүйсеноваға жақтасты

"Мен бұрынғы әкім ретінде айтамын, ол жеке өзі ештеңе жазған жоқ"

Экс-әкім журналист Сандуғаш Дүйсеноваға жақтасты

Жетісу облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының тұрғындары журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты сотқа дейінгі негіз болған арызға, қылмыстық қудалауға наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Сандуғаш Дүйсенова ешқандай мақала жазған жоқ, көңіл айтуға келді. Марқұмның отбасында баспанасы жоқ еді, соның (Сандуғаштың) арқасында, Instagram-да жазба жариялап, баспана сатып алуға қаржы жинау басталды. Мен бұрынғы әкім ретінде айтамын, ол жеке өзі ештеңе жазған жоқ. Ол қаншама адамға көмектесті, жәбірленушілер әділ сот болуын өтінген кезде сотқа да келіп, екі-ақ ауыз сөзбен, "Құрметті судья, мен қоғамдық журналист ретінде үйді Ақжалбеков емес, Қазақстан тұрғындары мен халқы сатып алғанын түсіндіруге келдім" деді. Басқа ешнәрсе болған жоқ. Ол сот үкімі немесе басқа ештеңе жазбады. Неге әділ жұмыс істейтін, халыққа көмектесетін адамға лай жағады?", – дейді Қызылағаш қаласынынң бұрынғы әкімі, Ақсу ауданының құрметті тұрғыны Сәулеш Әмитова.

Арызданушы ЖСН-ы жарияланғаннан соң оның балалары мектепте буллингке тап болды делінген, алайда жергілікті тұрғындар бұның шындыққа жанастпайтынын, арызданушының отбасысы ол ұсталған соң Қызылағаштан бірден кетіп қалғанын айтады.

«Балаларының бәрі кішкентай, біреуі 9-сыныпта оқиды, бірақ әкелері қамалған соң, екі күннен кейін бірден кетіп қалды», – дейді Амитова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →