×

Көлікте отырып жолға түкіретін жүргізушілер қалай жазаланады?

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 620-бабы бойынша

Көлікте отырып жолға түкіретін жүргізушілер қалай жазаланады?
Видеодан кадр

Алматы полициясы жолдың жүріс бөлігіне түкіретін "түйе" жүргізушілердің қандай бап бойынша жазаға тартылатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция қызметкерлері құқықбұзушылық жолда жасалғандықтан, олар ҚР Әкімшілік кодексінің 620-бабы "Жол қозғалысына қатысушыларына қойылатын талаптарды бұзу" бойынша жазаланады деп түсіндірді. Бұл бап бір реттік ескерту немесе үш АЕК мөлшерінде 10 350 теңге айыппұл салуды көздейді. Биыл 1 АЕК 3450 теңгеге тең.

"Бұл норма ЖҚЕ желісі бойынша қолданылады (Көліктегі әкімшілік заңбұзушылықтар). Құқықбұзушы көліктен қоқыс тастаса немесе түкіргенде - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 620-бабы. Егер құқықбұзушы саябақта түкіріп немесе қақыратын болса, онда 434-2 - бап қолданылады ("Жалпы пайдалану орындарының ластануы"), - деп түсіндірді Алматы ПД баспасөз қызметі.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ешкім де ұмытылмайды»: ШҚО-да ардагерлер мен тыл еңбеккерлері құттықталып, Президенттің құттықтау хаты табысталды
Бүгін, 19:35

«Ешкім де ұмытылмайды»: ШҚО-да ардагерлер мен тыл еңбеккерлері құттықталып, Президенттің құттықтау хаты табысталды

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады
Ардагердің ерлігі бірнеше мемлекеттік наградамен бағаланған
Сондай-ақ қазақ батырлары туралы театрландырылған қойылымдар мен патриоттық хореографиялық композициялар ұсынылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →