×

Алматыда күзетші оқушы қызға тиіспек болған

Қалалық білім басқармасы бұл фактіге қатысты шұғыл шаралар қабылданғанын мәлім етті

Алматыда күзетші оқушы қызға тиіспек болған
видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Алматы мектептерінің бірінде күзетші болып жұмыс істейтін ер адам алтыншы сынып оқушысына тиіспек болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бейнежазба жариялаған әйелдің айтуынша, оқиға Алматы қаласы Алатау ауданы Қарасу шағынауданында орналасқан №160 орта мектепте болған

«Бұл қалай болды? Мұғалім оқушы қызға қоңырау шалып, оған бір зат беретінін айтады. Алайда қызды күтпестен затты күзетке қалдырып кетеді. Қыз оқу орнына келгенде мас күзетші бар екен. Бізде оның кішкентай қызға тиісіп, өзіне қарай тартып, сүйіп жатқан видеосы бар. Құдайға шүкір, қыз одан қашып құтылады», – дейді ата-аналардың бірі.

Қалалық білім басқармасы бұл фактіге қатысты шұғыл шаралар қабылданғанын мәлім етті.

«№160 орта мектепте қауіпсіздік қызметін көрсететін «Алтын әлем групп» компаниясына мектеп әкімшілігі тиісті хаттама толтырды. Сонымен қатар, аталған серіктестікке келісім-шартты бұзу туралы шағым мен хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта күзетшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, күдікті 15 тәулікке қамауға алынды», – деп атап өтті білім басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы қалалық Полиция департаменті Алатау аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.
Сараптама тағайындалды. Жағдай анықталуда. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті
Бүгін, 16:02

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

  Акция облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтті
Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →