×

"Семей орманындағы" ірі өрттің себебі анықталды - Бас прокуратура

Аталған нұсқа тиісті құжаттармен расталды

"Семей орманындағы" ірі өрттің себебі анықталды - Бас прокуратура
Ашық дереккөздерден

Абай облысында болған ірі орман өртіне қатысты қылмыстық іс аяқталып, 2023 жылдың 27 қазанында іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас прокуратура жүргізген тергеп-тексерулердің барысында анықталғандай, өрттің шығуына қылқанжапырақты ағаштың діңіне түскен найзағайдан жер жамылғысының тұтануы себеп болған.

“Аталған нұсқа сарапшы, маман қорытындыларымен, фото/видео түсірілімдерімен, куәлардың айғақтары және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен расталды. Өрт кезінде «Семей-Орманы» резерваты және Новошульбинск филиалының басшылығы өздеріне заңмен жүктелген өрт сөндіру өкілеттіктерін орындамаған, жағдайды теріс бағалаған және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген, нәтижесінде 14 тұлғаның өліміне әкеліп соққан”, – делінген хабарламада.

Құзырлы органның мәлімдеуінше, «Семей-Орманы» резерваты және Новошульбинск филиалы басшылығының іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292 бабының 3 бөлігімен сараланып (өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген), «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Экология және табиғи ресурстар және Төтенше жағдайлар министрліктерінің лауазымды тұлғаларының әрекетсіздік дерегімен тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Мамандардың қорытындылары алынғаннан соң барлық лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылдың 8 маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ-де орман өрті орын алды. Өрттің салдарынан 60 мың гектар орман қоры жойылып, «Семей-Орманы» резерваты Новошульбинск филиалының 14 қызметкері қаза болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →