×

Абат Айымбетов қазақ футболшыларын сынаған Қуат Хамитовке жауап берді

Ұлттық құрама ойыншылары белгілі жекпе-жек шеберінің сынына жауап берді

Абат Айымбетов қазақ футболшыларын сынаған Қуат Хамитовке жауап берді
Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары Абат Айымбетов пен Абзал Бейсебеков Nursultan Qurman ютуб-арнасындағы подкастта қазақ футболшыларына қатысты ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың сынына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Күлем де қоя саламын. Жауап беру пайдасыз сияқты. Мен оның UFC-ге шығып кеткенін күтіп жүрмін. Шығып кетсін, Алла бұйырып, жанкүйер боламыз», – деді Айымбетов.

Сондай-ақ Словенияға қарсы ойында капитан болып ұлттық құраманы алаңға бастап шыққан Абзал Бейсебеков белгілі жекпе-жек шеберінің сынын түсінбейтінін айтты.

«Оның айтып тұрғаны қаржылай тұрғыда ғой. «Футболға көп ақша бөледі» деп. Енді футболға бөлмегенде спорттың қай түріне бөлу керек? Әлемдегі №1 спорт қой. Оған қайта-қайта менен басқа қанша адам түсіндіріп айтты. Жетпегеннен кейін не дейсің енді?! Былайша айтқанда, хайп қой ол жігіттікі», – деді Бейсебеков.

Айта кетейік, «Найман» лақап атымен танылған спортшы футболшыларға көңілі толмайтынын және олардың жалақы мөлшерінің көптігін сынаған еді.

«30 жылда футболға 1,5 миллиард ақша кетті. Көрсетіп жатқан нәтижеміз жоқ. Не бір жарыстан ұтпадық. Әлемдік рейтингте 99-100-орында тұрмыз. Халықты тонағанды тоқтатып, демеушіні өзіміз тауып, шамамыз келгенше өзіміз нәтиже көрсетейік» дейтін бір жігіт шыға ма деп едім! Жоқ», – деген еді Хамитов.

Еске салайық, Футболдан ұлттық құрама Еуропа чемпионатына іріктеуде Словениядан 2:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шыққан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ешкім де ұмытылмайды»: ШҚО-да ардагерлер мен тыл еңбеккерлері құттықталып, Президенттің құттықтау хаты табысталды
Бүгін, 19:35

«Ешкім де ұмытылмайды»: ШҚО-да ардагерлер мен тыл еңбеккерлері құттықталып, Президенттің құттықтау хаты табысталды

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады
Ардагердің ерлігі бірнеше мемлекеттік наградамен бағаланған
Сондай-ақ қазақ батырлары туралы театрландырылған қойылымдар мен патриоттық хореографиялық композициялар ұсынылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →