×

Атырауда интимдік қызмет көрсеткен транссексуал елден шығарылады

Транстың 1997 жылы туылған Тәжікстан Республикасының азаматы екені анықталды

Атырауда интимдік қызмет көрсеткен транссексуал елден шығарылады
Фото: Polisia.kz

Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін саунаны анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полицияның мәліметінше, саунада еліміздің өзге облыстарынан келіп, жезөкшелікпен айналысқан Шымкент, Алматы, Жамбыл өңірінің 8 азаматшасы анықталды.

Притон «қызметін» 37 жастағы Өзбекстан азаматшасы үйлестіріп отырған.

«Әкімшіге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында интимдік қызмет көрсеткен Тәжікстан Республикасының 26 жастағы транссексуал азаматы мен интернет желісі арқылы интимдік қызмет көрсету үшін тапсырыс қабылдаған ер адам белгілі болды. Қазақстанға қараша айында келген шетелдік азаматқа қатысты елден шығару жөнінде іс-құжаттар көші-қон басқармасына тапсырылды», – делінген хабарламада.

Анықталған адамдар жезөкшелікпен айналысқандар есебіне тіркелді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Бүгін, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →