×

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа кітабында қаңтар оқиғасының басты себебін атады

Назарбаев оның «табиғи мейірімділігі мен сенгіштігі» оны сәтсіздікке ұшыратқанын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа кітабында қаңтар оқиғасының басты себебін атады
Фото: kursiv.media

Бүгін экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты жаңа кітабы жарыққа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Экс-Президент жаңа кітабында Қаңтар оқиғасы жайлы жазған.

«Қаңтар оқиғасының басты себебі – билік үшін күрес. Экономикалық қиындықтар бұл күрестің басталуына тек себеп ретінде қолданылды», – деп жазды ол.

Назарбаев Қайрат Сатыбалды мен Рахат Әлиев туралы да айтты.

«Мен оған сендім. Қалай сенбеймін? Өзімнің күйеу балам. Ал ол ең алдымен өзін ғана ойлапты», – деп жазады ол Әлиев туралы.

Экс-Президент ағасы Сатыбалдының ұлы Қайратты әкелік қамқорлықпен тәрбиелеп өсіргенін атап өтті.

«Өкініштісі, ол өзінің кәсіпкерлік қызметінде заң бұзушылықтарға жол берген», – деп жазды Назарбаев.

Назарбаев оның «табиғи мейірімділігі мен сенгіштігі» оны сәтсіздікке ұшыратқанын айтты.

«Президент әділ, бірақ өзі тағайындаған кадрларға, әсіресе туыстарына қатал және талапшыл болуы керек. Мені жоғарыдағы кадрлық қателіктер әлі де алаңдатады», – деп жазды ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →