×

Қарағандыдағы көпқабатты үйден шыққан өрттің себебі анықталмады

Полиция тергеу жұмыстарын бастады

Қарағандыдағы көпқабатты үйден шыққан өрттің себебі анықталмады
gov.kz

Қарағандыдағы көпқабатты үйден шыққан өрттің себебі анықталмады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Газ жарылысы расталмады. Оқиға орнында газ құрылғылары табылмады. Ешқандай қираулар немесе құрылымдық бұзылулар жоқ. Жылу жүйелері бұзылмаған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Polisia.kz мәліметінше, көпқабатты үйде болған өрт дерегі бойынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-тармағына (отпен немесе қауіптілігі жоғары өзгеде көздермен жұмыс істеу арқылы жасалған ауыр зардаптарға әкелген бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру) сәйкес қылмыстық іс тіркеді.

Аталған баптың санкциясында 2 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні сағат 21:29-да Қарағанды ​​қаласында Республика даңғылы, 18/2 бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 16 қабатты бір кіреберісті 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-ші қабатындағы пәтерде жалпы алаңы 30 шаршы метр аумақта өрт шықты. 1979 жылы туған ер адам жанып жатқан пәтерден құлап, медициналық мекемеге жатқызылды. Барлау кезінде үш адамның (екі ер адам мен бір әйел адам болуы мүмкін) мәйіті табылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты
Бүгін, 11:16

Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →