×

«Құжаты бар қарақшылар». Ринат Зайытов полиция қызметкерлерінің өзін жазалауды ұсынды

Оның айтуынша, күштік құрылым қызметкерлері өздерінің «жедел іздестіру іс-шараларын» жамылып, жеке мақсаттарын жүзеге асырады екен

«Құжаты бар қарақшылар». Ринат Зайытов полиция қызметкерлерінің өзін жазалауды ұсынды
ашық дереккөзден

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ринат Зайытов өкілеттігін асыра пайдаланып жүрген құқық қорғау орган қызметкерлерін жазалау керектігін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біле білсеңіздер, Қазақстан Республикасы өз билігін күш құрылымдарына пәрменді есірсін деп емес, ескерсін деп береді. Халықты қорласын деп емес, қорғасын деп береді! Сондықтан бүгінгі шұғыл сауал жолдауымыздың себебі – қарапайым халықтың үнін, мұң-мұқтажын, талап-арызын cіздерге жеткізудің соңғы амалы десек те болатын шығар. Өйткені, шарасыз халық біздер – депутаттарға соңғы инстация ретінде, басқа органдардан көмек күте алмаған соң ғана жүгінеді. Депутаттардың атына шағымдардың арасында аймақтардағы күштік құрылымдардың қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымданатын хаттардың саны баршылық. Оларға Алматы, Шымкент, Өскемен, Семей, Жаңаөзен және т.б. қалаларынан келіп түскен бірқатар шағымдарды жатқыза аламыз», – деді Ринат Зайытов.

Оның айтуынша, күштік құрылым қызметкерлері өздерінің «жедел іздестіру іс-шараларын» жамылып, жеке мақсаттарын жүзеге асырады екен.

«Мысалы, Шымкент қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана А. Мамаева және оның ұлы алаяққа тап болып, шамамен 4 млн теңгеден айырылған екен, бұл фактіні анықтап, Шымкент қаласының Еңбекші аудандық полиция басқармасына арызымен жүгінген. Алайда, өтініш иесінің айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен таныстығының арқасында, айыпталушының үстінен қозғалған қылмыстық іс, белгісіз себептермен бірнеше рет тоқтатылған және жәбірленуші мен оның ұлына ашық түрде қоқан-лоқы көрсетілген. Сонымен, 2021 жылдың тамызында қозғалған іс бүгінгі таңға дейін сотқа жетпеген», – дейді депутат.

Мәжілісмен сонымен қатар Ішкі істер министрлігіндегі «құжаты бар қарақшылар мен қаруы бар қорқаулар» өз қызметтік мансабын асыра пайдаланып, қыздарды зорлау фактісімен өздері ұсталып отырғанын жеткізді. 

«Осы ретте, бұларға сенім қайдан болсын?! Құзыретін қылмысты азайту үшін емес, табысын көбейту үшін пайдаланатын қызметкерлерге неге шара қолданбаймыз? Осыған орай, құқық қорғау саласындағы жекелеген бассыздықты жою үшін Тұрақты әрекет ету тобын құруды ұсынамын. Екіншіден, аталған топқа қылмысы дәлелденген күштік құрылым қызметкерлерінің құзыретінде болған істерді қайта қарап, шын кінәлілерді анықтауды ұсынамыз», – деді Ринат Зайытов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
25.04.2024ж. 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →