×

«Халықтың талабы дұрыс»: Ақтөбе әкімі тұрғындар шағымынан кейін автобусқа отырды

Әкім автобустарға қатысты жағдайдың түзелетініне сендірді

«Халықтың талабы дұрыс»: Ақтөбе әкімі тұрғындар шағымынан кейін автобусқа отырды
Видеодан скриншот

Ақтөбе әкімі Азамат Бекет қоғамдық көліктер жұмысына қатысты көптеген шағымдардан кейін жұмысты тексеруге шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жағдайды көзбен көру үшін әкім бірқатар автобустарға отырып, кешкі уақытта жұмыстан қайтқан жолаушылармен сөйлескен.

Соның ішінде бүгін шығуы тиіс 12 автобустан тек қана 4 автобус шығарып отырған «Автопарктің» №22 маршрутына отырды. Ескі автобустың саны ғана емес, сапасы да сын көтермейді.

«Жұмыстан, оқудан кешігеміз, автобус аз дейтін біздің тұрғындарды жақсы түсінемін. «Автопарк» пен «Табыс Ақтөбенің» жұмысына сұрақ көп. Халықтың оларға талабы дұрыс. Субсидия төлеуден бізде мәселе жоқ. Күн сайын бақылап отырмын. Конкурсқа қатысып, қызмет түрін ұтып алған соң, автобустармен толық қамтулары тиіс», – деді Азамат Бекет.

«Автопарк» ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов қала әкіміне жағдайды түзеу үшін жаңа автобустарға тапсырыс берілгенін айтты. Қаңтарда 30 және 2024 жылдың соңына дейін 70 автобус әкелінетіні айтылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →