×

«Полицейдің атын жамылған»: Астанада адам ұрлаған күдіктілер анықталды

Адам ұрлап, өзгенің дүние-мүлкін иеленгендер анықталды

«Полицейдің атын жамылған»: Астанада адам ұрлаған күдіктілер анықталды
Фото: Антикордың баспасөз қызметі

Астанада өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған төрт тұрғын адам ұрлады деп айыпталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапановтың әрекетін әшкереледі.

«Олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Азаматты ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған. Сондай-ақ 1,4 млн теңгеден астам сома мүлкін иемденген», – делінген Антикор хабарламасында.

Топтың барлық қатысушысы сот санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

«Осы адамдардың құқыққа қайшы қызметі туралы ақпаратыңыз болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарлауды сұраймыз. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – деді ведомство өкілдері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ешкім де ұмытылмайды»: ШҚО-да ардагерлер мен тыл еңбеккерлері құттықталып, Президенттің құттықтау хаты табысталды
Кеше, 19:35

«Ешкім де ұмытылмайды»: ШҚО-да ардагерлер мен тыл еңбеккерлері құттықталып, Президенттің құттықтау хаты табысталды

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады
Ардагердің ерлігі бірнеше мемлекеттік наградамен бағаланған
Сондай-ақ қазақ батырлары туралы театрландырылған қойылымдар мен патриоттық хореографиялық композициялар ұсынылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →