×

«Елде ақша жоқ па»: Астанада үй арзандап жатыр

Бұл көрсеткіш 2017 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр

«Елде ақша жоқ па»: Астанада үй арзандап жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Соңғы 6 жылда тұрғын үй бағасы тек көтеріліп келіпті. Енді елордада қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы 5,3%-ға төмендеген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша, 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығындағы жылдық көрсеткіш 2017 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Оған ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Бірінші кредиттік бюро деректері дәлел.

«Астана 2023 жыл қорытындысы бойынша қайталама нарық бағасы төмендеген жалғыз қала. Желтоқсанда баға 7,8%-ға төмендеді, бірақ өткен кезеңдерде баға өскендіктен, бірнеше жыл бұрынғы көрсеткіштен жоғары болып тұр. Мәселен, 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы өсім – 50%», – делінген хабарламада.

Бұл ретте, 12 айдың қорытындысы бойынша бастапқы тұрғын үй бағасы 6,7%-ға, ал желтоқсанда – 3,4%-ға қымбаттады.

«Ел бойынша тұтастай алғанда қайта сату бағасы бір жыл ішінде 1,8%-ға өсті. Ал 2022 жылдың желтоқсан айының соңына қарай олар 3,7%-ға арзандады. Соңғы айда Алматыда да баға өткен жылмен салыстырғанда төмендеді (-3,8%). 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалға алу өткен жылмен салыстырғанда 16,4%-ға қымбаттады, ал желтоқсанда жылдық деңгейде бағалар 1,6%-ға қымбаттады», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →