×

Жоғарғы соттың төрт судьясы қызметінен босатылды

Президент Жоғарғы сот судьяларын Сенат арқылы қызметінен босатады

Жоғарғы соттың төрт судьясы қызметінен босатылды
Фото: egemen.kz

Сенат депутаттары Президенттің ұсынысымен Жоғарғы соттың төрт судьясын қызметінен босату туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қызметінен босатылған судьялар – Альфия Савинова, Айгүл Сапарова, Ақылтай Қасымов пен Ербол Исмаилов. Қаулыға сәйкес, Савинова мен Сапарова зейнет жасына жетсе, Қасымов судья қызметіндегі шекті жас – 67-ге келді. Ал Исмаилов басқа қызметке тағайындалды. Ол Еуразиялық экономикалық одақтың сотында судья қызметін атқарады.

Сенаторлар қаулыны бірауыздан қабылдады.

Айта кетейік, заң бойынша Президент Жоғарғы сот судьяларын Сенат арқылы қызметінен босатады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →