×

«34 гектар»: Болат Назарбаевқа тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды

Сот қаулысы күшіне енген

«34 гектар»: Болат Назарбаевқа тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды
Фото: saliqaly.kz / Жамбыл облысының прокуратурасы

Болат Назарбаевқа қарасты Қордай ауданындағы жерлер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

«2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілері бойынша, Б.Н.Назарбаевқа тиесілі «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-ға «Барыс-2» сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілді.

Учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылған, атап айтқанда, ауылшаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 га суармалы егістік жерлердің бір бөлігі базарға қызмет көрсету үшін берілген», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап берген.

Сот жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы ЖШС-ның барлық шарттарын жарамсыз деп танып, күштері жойылды.

Сот қаулысы 28.12.2023 жылы заңды күшіне енді, мемлекеттік актілердің күші жойылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда SIM-картаны енді дүкендер сата алмайды
Бүгін, 16:25

Қазақстанда SIM-картаны енді дүкендер сата алмайды

Қазақстанда ұялы нөмірлерді сатып алу тәсілі түбегейлі өзгереді.
Қазақстандағы ең табысты он МҚҰ-ның жартысы «жалақыға дейінгі» қарыз беру саласында жұмыс істейді.
Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы әрі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде кемі қола медальді қоржынына салды.
AZAL жолаушылар ұшағының Ақтаудағы апатына қатысты тергеу үш елде бір уақытта жүргізіліп жатыр, сараптама нәтижелері жақын уақытта жариялануы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →