×

«Мені ана ретінде түсінуді сұраймын»: Сотта Бишімбаевтың анасы бірінші рет сөз сөйледі

Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасуда

«Мені ана ретінде түсінуді сұраймын»: Сотта Бишімбаевтың анасы бірінші рет сөз сөйледі
Фото: Jogargy_sot

Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотта сотталушының анасы Альмира Нұрлыбекова алғаш рет сөз сөйледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот отырысында айыптаушы тарап өкілдері сотталушы Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары тартқан ресейлік мамандардың қорытындыларын қабылдауға келмейтін дәлел деп тану туралы өтініш білдірді.

Бұл өтініш бойынша залда отырған сотталушының анасы Альмира Нұрлыбекова да өз ұстанымын айтты.

«Мен қазір тыңдап отырмын. Мен, әрине, заңгер емеспін, бірақ егер сіз мәскеулік маманның тұжырымын қабылдамасаңыз, онда баламның конституциялық құқықтары, яғни, оның өзін қорғау және қорғау үшін өз дәлелдерін келтіру құқығы бұзылады деп ойлаймын. Сондықтан соттан, прокурорлардан, жәбірленушілерден мені ана ретінде түсінуді сұраймын», - деді сотталушының анасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
Кеше, 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →