Үкімет мүшелері батыл шешім қабылдауы керек -Тоқаев
Қазақстанда бір емес, бірнеше АЭС салынуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Жобалық кеңсенің қызметімен танысу барысында атом энергетикасын дамыту перспективасын талқылау барысында тоқталып өткен.
“Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек. Мен Ana tili газетіне берген сұхбатымда екі үлкен станция салатынымызды айттым. Олардың саны тіпті үшеу болуы да мүмкін. Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек”, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай жетістікке жету үшін Үкімет мүшелері батыл шешім қабылдауы керек екенін атап өткен.