×

Путин Пригожиннің қаза тапқанын жанама түрде растады

Ол бұл іске қатысты Ресейдің тергеу комитеті алдын-ала тергеу бастағанын хабарлады

Путин Пригожиннің қаза тапқанын жанама түрде растады

Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" жеке әскери тобының басшысы Евгений Пригожин Тверь облысындағы ұшақ апатынан қаза болғанын меңзеді. Ол Пригожиннің өлімі туралы тікелей айтпады, алайда кәсіпкер туралы өткен шақта сөйледі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

"Мен Пригожинді бұрыннан, тоқсаныншы жылдардың басынан бері білетінмін. Тағдыры күрделі еді, айтарлықтай қателері болды және қалаулы нәтижеге қол жеткізетін. Өзі үшін де, кейінгі айларда мен сұраған ортақ істе де. Талантты адам, талантты кәсіпкер болды" деді Ресей президенті.

Путин ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты және бұл іске қатысты Ресейдің тергеу комитеті алдын-ала тергеу бастағанын хабарлады. Оның айтуынша, алғашқы деректер Тверь облысында құлаған ұшақта "Вагнер" қызметкерлері болғанын көрсетеді.

23 тамыз кешке Ресейдің Тверь облысы Бологов ауданында Embraer бизнес-джеті құлады.Ұшақ құлаған маңнан он адамның мәйіті табылған. Росавиация агенттігінің мәліметінше, жолаушылар тізімінде "Вагнер" басшысы Евгений Пригожин мен оның "оң қолы", "Вагнер" командирі Дмитрий Уткин болған. Қазірге дейін Пригожиннің қаза болғанына қатысты ресми ақпарат жоқ.

24 тамызда Киевте журналистер сұрағына жауап берген Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Тверь облысында құлаған "Вагнер" жеке әскерінің басшысы Евгений Пригожиннің ұшағына Украинаның "қатысы жоқ" деп мәлімдеді.

Ұшақ апатынан екі ай бұрын Пригожин бастаған "Вагнер" жалдамалы әскер тобы бүлік шығарып, Мәскеуге қарай аттанған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма
Кеше, 11:30

«Ақырын жүріп, анық бас» саясаты: Өзбекстан ЕАЭО-ға енетін алтыншы мемлекет бола ма

Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →