×

Дос Көшім: Ермұрат, Ринат, Нартайлар Парламентте айқайлай бермей, заңды дайындасын

Белгілі саясаттанушы бірқатар Мәжіліс депутаттарының жұмысына пікір білдірді

Дос Көшім: Ермұрат, Ринат, Нартайлар Парламентте айқайлай бермей, заңды дайындасын
Коллаж: Qaz365.kz

Белгілі саясаттанушы Дос Көшім Парламенттегі есімі елге белгілі депутаттардың жұмысы жайлы пайымын айтты. Ол Мәжіліске барған депутаттардың ең бірінші міндеті заң шығару екенін ескертті, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Бақытжан Базарбек, Абзал Құспан, Ермұрат Бапи, Ринат Зайытов, Нартай Аралбай сияқты жігіттер Парламентке келді. Бұлардың бәрінің жақсы сұрақ қойғандары, жақсы сөйлегендері, биліктің келген адамдарының екі аяғын бір етікке тыққандарын ғана көреміз. Дұрыс! Ол да дұрыс. Бірақ бұлардың міндеті ол емес қой! Бұлардың міндеті – заң шығару. Біреуі бір жаңа заң дайындаған жоқ», – дейді Дос Көшім «Білген дұрыс» арнасына берген сұхбатында.

Саясаттанушы 30 жыл бойы айтып келе жатқан заңдар барын айтады. Мемлекеттік тіл туралы заңды неліктен біреуі дайындап ұсынбайтынын жеткізеді. Қазақстанның ақпараттық жүйесін Ресейдің ақпараттық жүйесінен қорғау туралы заңға қажеттілік барын айтады. Бүкіл солтүстік пен шығыс облыстарындағы елді мекендердің 90 пайызы бұрынғы Кеңес кезіндегі атауларда қалғанын еске салады. 

«Сол кеңестік атауларды неге өзгертпейміз?! Ленин, Сталин аттарында бәрі тұр. Заң керек пе?! Керек! Неге сөйлей береді? Неге айта береді? Мен таңғалам», – дейді ол.

Саясаттанушы жалындап өзі де сөйлей алатынын атап өтті.

«Мысалы Ринат Зайытовтың отырып алып, домбырамен айтқандары халыққа дәл солай тарайды. Ол анау жаққа заң шығаруға барды ғой. Ең төменгі жалақы туралы Ринат өте тамаша айтты. Айқайласты. Айқайласпау керек. Мен айқайласуым керек. Басқалар айқайласуы керек. Ринат отыруы керек те, заң шығаруы керек. Қазақстандағы ең төменгі жалақы осындай болуы керек деп. Әйтпесе, өзіңіз білесіз, АҚШ-та және Еуропа елдерінде бір сағаттағы минималды айлық деген бар. Мысалы, АҚШ-та қазір ол 4 доллар ма!? Германияда одан төмен бе, білмеймін – міндетті түрде одан төмен болмайды. Ыдыс жуған адамдарға дейін. Сол заңды депутаттар дайындасын», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

300 мың теңге жалақы ұсынсаң, олар 800 мың теңге сұрайды 
Қазіргі уақытта Ливанда Қазақстанның үш штаб офицері штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →