Әкім өзінен сұхбат алғысы келетіндерді ренжітпейтінін айтты
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев БАҚ өкілдеріне қашан сұхбат беретінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында журналистердің бірі әкімнен не себепті журналистермен тілдесуден қашатынын сұраған. Бұл ретте журналист Асхат Ниязовпен болған оқиға еске түседі.
«Бірден айтайын: таяуда болған белгілі оқиғалардан кейін (менің сұхбатымды алғысы келгендер жайлы – Досаев) шынымды айтсам, әкім болып жұмыс бастағалы расында да ешбір жерде сұхбат бермеппін. Себебі менің қазіргі жұмысым мен журналистермен, халықпен кездесуім әр уақытта назардың бел ортасында болуына жағдай жасайды», – дейді ол.
Алайда әкім жоспары барын айтады.
«Келесі жылдан бастап Алматы ТВ 25 жылдығын атап өтеді. Мен сол кезде алдын ала қорытынды бойынша ғана емес, алғашқы сұхбатты бергім келеді. Менен сұхбат алғысы келетіндердің тізімі баспасөз қызметінде бар. Көп. Ешкімді ренжітпей бәрімен тілдесуге мүмкіндік туар деген сенімдемін», – дейді Досаев.