×

Тина Канделакидің тауарлары Қазақстанда сатылымнан алынып тасталды

Бұған дүкен сатушысы қарсылық әсер еткенін айтып отыр

Тина Канделакидің тауарлары Қазақстанда сатылымнан алынып тасталды
Тина Канделаки (Фото Таураса Демидова (Forbes)

«Қазақстан орыс тілін шектеп жатыр» деген ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің тауарлары сөрелерден алынып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Бет пен дене күтіміне арналған косметикаларына арналған тауарларына елде наразылар көп. Оның "Золотое яблоко" мобильді қосымшадағы сыни пікірлер көбейген. 

«Золотое яблоко» Тина Канделакидің фашистік көзқарасын қолдап отыр. Бұл дүкеннен алыс жүріңдер», «Астананың төрінен орын беріңдер, жауып тастаңдар», «Еліміз бен халқымызды сыйламайтын адам біздің есебімізден табыс таппау керек», «Тина Канделакидың тауарын сату - Қазақстан халқын қорлау», - деген пікірлер бар. 

Бірақ «Золотое яблоко» дүкенің әкімшілігін жауап бермеген. Есесіне, Астанадағы үлкен сауда орталықтарында орналасқан дүкендегі тауарлары алынып тасталған. Сөрелерде жоқ екен. Бұған дүкен сатушысы қарсылық әсер еткенін айтып отыр.

Айта кетейік, Ресейдегі белгілі тележурналист Тина Канделаки Қазақстан орыс тілін баяу болса да жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазып, дабыл қаққан. Оның бұл жазбасына елдегі теміржол бекеттерінің атауының өзгеруі себеп болған. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Канделакиді елге кіруге тыйым салғандардың тізім қосатынын айтқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Бүгін, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →