×

Қарулы күзет қойылған Үшқоңыр кімдікі – Үкімет жауап берді

Үшқоңырдағы жер мәселесі шешіле ме

Қарулы күзет қойылған Үшқоңыр кімдікі – Үкімет жауап берді
Qaz365.kz коллажы

Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин Үшқоңырдағы жерді жергілікті халыққа қайтару жөніндегі депутаттардың сауалына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәселені депутат қалай көтерді?

Бір айдан астам уақыт бұрын депутат Мақсат Толықбай Үшқоңырға барып, қарулы күзет тұрған жерге кіре алмай қойған еді. Депутаттың айтуынша, 15 мың га жерді қоршап, оның сыртына қарулы күзет қойылған. Мәжілісменнің видеосын қоғамдық белсенді Сәуле Битикеева әлеуметтік желі арқылы таратқан болатын.

«Шамалған ауылында Үшқоңыр деген тау бар. Табиғаты өте керемет жер. Бұл жерге жолды жауып, қарулы адамдарды қойып тастаған. Анау жерден ешкімді өткізбейді. Ел малының жайылым жеріне бара алмай отыр. Мемлекеттік актілері қолында бар адамдар жеріне кіре алмайды. Ешкімді кіргізбейді. Факт жағынан бұл жерге мен кіруім мүмкін, бірақ басқалар кіре алмайды. Мені де кіргізбеуі мүмкін. Жеке мемлекет мына жақ», – дейді Мақсат Толықбай.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл жерді Кеңес өкіметі кезінде совхоздарға бөліп берген. Ұзынағаш, Күрт ауданының халқының бәрі малын осында әкеліп жайған. 

«Қоршап алған. Ешкімді жолатпайды. Топшылап отырмын, Назарбаевтар резиденциясы бар. Ары қарай болса да осы жолмен барады», – дейді депутат.

Жұманғариннің жауабы

Депутаттық сауалын Мақсат Толықбай мен Абзал Құспан Үкімет басшысына жолдаған. Таяуда Парламенттің сайтында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жауап берді.
Жұманғариннің жауабына қарағанда, Қарасай ауданы прокуратурасының 2023 жылғы 9 ақпандағы жер заңнамасының талаптарын бұзушылығын жою туралы ұсынымы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық бөлімшесі Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментіне енгізілген. 

Ол ұсынымда заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру барысында атқарушы органдардың Жер кодексінің талаптарын бұзғаны хабарланған. Осы ретте департамент Қарасай аудандық сотына және Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына  жер учаскелерін сатып алу-сату келісімшарттарын заңсыз деп тану және оның күшін жою жөнінде үш талап-арыздар жолдаған.  

«Алайда «Дүние-Агро» ЖШС-не тиесілі көлемі 193,0 гектар жер учаскесіне берілген талап арыз Алматы облысының Қарасай аудандық сотының шешімімен қанағаттандырусыз қалдырылған. Департамент бұл шешіммен келіспей, 2023 жылдың желтоқсан айында Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына апелляциялық шағым берген. Ал қалған екі талап-арыз қазір Алматы облысы Қарасай аудандық соты мен Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралуда», – дейді Жұманғарин.

Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасының талабымен Үшқоңыр үстіртінен жеке тұлғаларға жер учаскелерін берудің заңдылығына, яғни қыратқа барар жолға  қойылған шлагбаум орналасқан жер учаскесіне баға беру сұралған. Қазіргі таңда департамент тарапынан орын алған заң бұзушылықтарға қатысты Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің қызметінде жер заңдылықтарының сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Министрлікпен сіздердің депутаттық сауалдарыңызда көрсетілген Үшқоңыр үстіртінде жалпы ауданы 13.597 гектар жерлерді мақсатсыз пайдаланып жатқан жер пайдаланушыларға қатысты заңнамалық тәртіпте шұғыл шаралар қабылдау жөнінде департаментке тиісті тапсырма берілді. Сондай-ақ айта кететін мәселе – Үшқоңыр тауы «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағына кірмейді, оның шекарасы Шамалған өзенінің шығыс жағынан өтеді. Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі сот шешімдерінің қорытындылары жөнінде сіздерге қосымша хабарлайтын болады», – делінген Жұманғариннің жауабында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →