×

Жаңа министрдің бренд сөмкесі мен киімі журналистердің назарына ілікті

Әлеуметтік желілерде министрдің бренд сөмкелері мен көйлектерін көрсеткен фотосуреті бар

Жаңа министрдің бренд сөмкесі мен киімі журналистердің назарына ілікті
Ашық дереккөзден

Жаңа министрдің бренд сөмкесі мен киімі журналистердің назарына ілікті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалғанына көп бола қоймаған Ақмарал Әлназарова бүгін Үкіметте негізгі жұмысынан тыс сұраққа жауап беруге мәжбүр болды. Журналистер одан бренд сөмке мен қымбат Dolce & Gabbanna-ның көйлегіне ақшаны қайдан алғанын сұрады.

Әлеуметтік желілерде министрдің бренд сөмкелері мен көйлектерін көрсеткен фотосуреті бар. Үкіметтегі брифингте журналистер министрден миллион теңгелік көйлек алу үшін айлық қанша болуы керектігін сұраған.

"Мен жалпы қызыл-жасылға құмар адам емеспін. Үйімде мұндай үлкен гардероб жоқ, суреттегі сөмке, табысы орташа әйелдер ала алатын сөмке, ол 250 мың теңге тұрады. Ал көйлек – өзіме сатып алған бірнеше көйлектің бірі, егер қателеспесем, ол маған 800-900 мың теңгеге шықты, – деп жауап берді министр. 

Әлназарова министрдің жалақысын әлі алмағанын, бірақ ол сома сенатордың жалақысынан аса жоғары емес екенін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →