×

Бас мүфти ауызашарды «ифтар» емес, ауызашар деп қазақ тілінде айтуға шақырды

Ол діни басқарма діни түсініктерді қалай атайтынын атап өтті

Бас мүфти ауызашарды «ифтар» емес, ауызашар деп қазақ тілінде айтуға шақырды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ораза алдында діни басқарма діни түсініктерді қалай атайтынын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ата-бабалардан бізге жеткен салт-дәстүрлеріміз бар, Құдайға шүкір. Дініміз Исламмен сабақтасып кеткен. Соны сақтап қалу мақсатында көп жұмыс жасалып жатыр. Жақында ғана «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы жарық көрді. Яғни, бізге Ислам қашан келді, оны бабаларымыз қалай ұстады, қандай бағытта жүрді – осының барлығы сол жерде көрсетілген. Осы кітаптар елімізге кеңінен тарап жатыр. Дәстүрдің құндылығы аясында оразаға қатысты дүниелерді айттық. Мысалы оразаға қатысты сырттан келген сөздер бар. Мысалы сәресін біз сәресі деп келдік, кейбір жастарымыз оны «сухой» деп кетті. Сәресі деп айтайық. Түсінікті тіл», – дейді ол ұлттық арнаға берген сұхбатында.

Ол сонымен бірге ифтарды ауызашар деп айтуға шақырды.

«Оны да біреулер ифтар деп айтып кетті. Кейбір сөздерді ағылшын тілінде айтып жатады. Көршілес орыс тілінде айтылатын сөздер бар. Бірақ біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптейік деген мақсатта осы үндеулерді айттық», – дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти шет тілдерін қосып сөйлеу діни ортада ғана емес, күнделікті өмірде де көбейіп кеткенін, мәселен, жастар аға, інім, бауырым демей, «брат», «братжан» деп сөйлейтінін еске салды. 

«Біз оразаға қатысты дүниелерді айттық. Бұрындары маған бір кісінің «Абайдан артық Алланы таныған қазақ бар ма? Абайдың өзі Алла деп жазды ғой» дегені бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұған дейінгі пәтуаларында айтқан: яғни Аллах емес, Алла деп айтайық дедік. Қазаққа сіңімді, жақын сөз ғой. Алла Тағала деп айтамыз. Осыны да үндеуге қосып кеттік. Осындай сөздерді халқымызға насихат ретінде айттық», – дейді Бас мүфти.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →