×

Ерлерді қорғайтын заң керек емес – Мәулен Әшімбаев

Сенат спикері заң жобасына қатысты пікірін білдірді

Ерлерді қорғайтын заң керек емес – Мәулен Әшімбаев
Фото: parlam.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, ер азаматтарды қорғайтын заңның керегі жоқ.

«Меніңше, ер азаматтарды қорғайтын заңның керегі жоқ. Жалпы азаматтарымызды, әйелдерімізді, ер азаматтарымызды қорғайтын тиісті нормалар бар. Әртүрлі қылмыстық әрекеттерге байланысты жауапкершілікті күшейтіп жатырмыз. Сол себепті біз Сенатта қарап жатқан заңды қабылдағаннан кейін әрі қарай жағдайды қараймыз. Сондықтан керек болса, тиісті шешім қабылданатын болады», – деді ол.

Сенат спикері тұрмыстық зорлық-зомбылық заң қабылданғаннан, қоғамдағы үлкен қозғалыстан кейін үлкен өзгерістер болатынына күмәні жоқ екенін жеткізді.

«Жалпы бұл мәселенің барлығын Президентіміз өз бақылауында ұстап отыр, тиісті тапсырмалары бар. Заң да Президентіміздің тапсырмасымен қабылданғалы жатыр. Бұл бағыттарда оң өзгерістер болатынына толықтай сенемін»,  – деді Әшімбаев.

Еске салайық, бұған дейін депутаттар "Отағасы туралы" заң қабылдауды ұсынған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →