×

Қыркүйектен бері бос жатқан Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды

Ол былтыр күзде жұмысынан босатылған еді

Қыркүйектен бері бос жатқан Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ол бұған дейін Amanat партиясының жауапты хатшысы, 2021-2022 жылдары Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2023 жылдың 4 қаңтары мен қыркүйек аралығында мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Былтыр күзде ол Мемлекет басшысының жарлығынан кейін министр қызметінен босатылып, оған сәйкес Қазақстанда бес жаңа министрлік құрылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан ЕуроОдақ елдеріне баруға визаны жеңілдетуді сұрады
31.01.2025ж. 01:20

Қазақстан ЕуроОдақ елдеріне баруға визаны жеңілдетуді сұрады

ЕО-ның барлық елінің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →