×

«Түнгі 2:30-да таң атады»: депутаттар уақыт белдеуін ауыстыруды талап етті

Мамандар денсаулыққа қаншалықты зиян екені, қаншалықты энергия шығындалып жатқанын қарастыруымыз керек деп отыр

«Түнгі 2:30-да таң атады»: депутаттар уақыт белдеуін ауыстыруды талап етті
Фото: ашық дереккөзден

Мәжілістегі «Аманат» партиясының фракциясының мүшелері, әсіресе Шығыс Қазақстаннан сайланған депутаттар уақыт белдеуін ауыстыруға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бір топ депутаттың атынан Мақсат Толықбай үндеу жасады. 

«Мыңдаған халықтың арыз-шағым тілегіне орай, мәлімдеме жасағымыз келіп тұр. «Аманат» партиясының Мәжілістегі фракциясы арнайы жиын өткіздік. Өңірлерде аралағанда Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында ең көп қойылған сауал уақыт белдеуіне байланысты. Бұрынғы уақытты қайтаруды талап етіп жатыр. БҚО, Қызылорда секілді өңірлерге осы уақыт қолайлы шығар. Бірақ Шығыс Қазақстан үшін тиіміз. Түнгі 2:30-да таң атады. Ал кешкі 17:00-лерде тас қараңғы. Үшінші ауысымда оқитын оқушылар бар. Олар қалай қайтады. Ауылдық жерлерде өшелерде жарық жоқ. Енді жер үлкен болған соң, география бойынша уақыт белдеуі алдын-ала зерттелуі керек еді», - дейді Мақсат Толықбай. 

Мамандар денсаулыққа қаншалықты зиян екені, қаншалықты энергия шығындалып жатқанын қарастыруымыз керек деп отыр.

«Алдағы Парламенттің жалпы отырысында тыңдау өткіземіз. Үкімет мүшелері, ғалымдарды шақырамыз. Сіздердің ұсыныстарыңыз болса айтыңыздар, нақты шешімдер қабылдауымыз керек», - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →