×

Депутат «ауылдарды сақтап қалу үшін» зейнетақыны көбейтуді ұсынды

Ауылдар саны статистика бойынша 75 ауылға азайған

Депутат «ауылдарды сақтап қалу үшін» зейнетақыны көбейтуді ұсынды
Фото: parlam.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қарақат Әбден ауыл тұрғындарының зейнетақысын көбейтуді ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол премьер-министр Бектеновке жолдаған сауалында ресми дерекке сәйкес урбанизация деңгейі өсу үстінде екенін айтып өтті.

«Елордаға, Алматы мен Шымкентке ауылдардан көшіп барған халықтың саны да өте көп. Мысалы, еліміздің әр өңірінен 100 мыңға жуық адам көшіп келіп, Астана халқы саны артқан. Экономикалық дамуда урбанизацияның маңызы зор, оның деңгейін бақылауда ұстау қажет» - дейді Қарақат Әбден.

Депутаттың айтуынша, ауылдар саны статистика бойынша 75 ауылға азайған. Ауылдарды сақтап қалу барлық жағынан маңызды. 

Сонымен қатар ол ауыл тұрғындарын қолдау мақсатында қолданыстағы бар бағдарламаларды әлі де реттеу керектігін ескертіп, төмендегі бірқатар ұсынысын мәлімдеді.

1. Ауыл тұрғындарының зейнетақысын көбейту мәселесін пысықтау. Мысалы, ауыл шаруашылығында кем дегенде 25 жыл жұмыс істеген болса және ауылда тұратын болса, зейнетақысын өсіру.
2. Қаладан ауылға көшіп келетіндерге жалға беретін үй салу. Үй жалғайтын болса, субсидия беру мәселесін пысықтау.
3. Ауылдық тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу. Яғни, үй салу үшін жеңілдік беру. 
4. Ауыр жұмыстағы адамдарға қосымша төлем бар. Сол сияқты ауылда жұмыс істейтін адамдарға да қосымша төлемақы мәселесін пысықтау. 
5. Көпбалалы аналарға преференцияларды көбейту. Яғни отбасылық бизнеске үй, көлік алуға жеңілдіктер беру.
6. Көпбалалы отбасынан шыққан ауыл балаларын жылына бір рет субсидия арқылы отбасымен емдік сауықтыру, демалысқа шығаруды ұйымдастыру.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Кеше, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →