×

«Онлайн демократияға сенем»: депутат әлеуметтік желілерді бұғаттауға қарсы екенін айтты

Ол онлайн демократия жайлы айтты

«Онлайн демократияға сенем»: депутат әлеуметтік желілерді бұғаттауға қарсы екенін айтты
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова балаларға қауіпті контенттерді жою жайлы және әлеуметтік желілерді бұғаттауға қарсы екендігін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше әлеуметтік желілердегі балаларға қауіпті контентті бірден тауып, соны тоқтататындай нақты жаңа технологияларды жүзеге асыру керек.

«Әлеуметтік желідегі, мессенджерлердегі балаларға қауіпті контентті лезде тауып, соны тоқтататындай нақты жаңа механизмдерді, бәлкім, жаңа технологияларды күш құрылымдары, Бас прокуратура жүзеге асыру қажет. Неге? Бас прокурор өзінің Х парақшасында әлеуметтік желідегі баланың денсаулығына қауіпті 15 мыңнан астам контент жойылғанын айтты. Яғни, бұл бір-ақ рет науқан ретінде емес, күнделікті жүйелі істелуі керек. Өздеріңізге белгілі, онлайн платформалар туралы заңда 24 сағатта осындай контент табылатын болса, оны жойып жіберуге заңнамалық тұрғыдан норма бекітілген. Яғни, жауапкершілік бар» – дейді депутат. 

Сонымен қатар Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желіні бұғаттауға байланысты ойын бөлісіп, өзінің оған қарсы екендігін, онлайн демократияға сенетіндігін айтты. 

«Өзім әлеуметтік желінің өте белсенді қатысушылардың бірімін. Жұмысымды әлеуметтік желі арқылы танытып жүрген депутатпын деп санаймын. Сондықтан әлеуметтік желілерді бұғаттауға мен де қарсымын. Өзім онлайн демократияға сенем. Сондықтан әлеуметтік желіні бұғаттау емес, мектеп жасындағы оқушыға денсаулығына эмоционалдық тұрғыда кері әсерін тигізетін контентті іздеп тауып, соларды жоюға атсалысу керек деп санаймын», – дейді депутат.

Айта кетсек, бұған дейін Сенат депутаты Геннадий Шиповских Қазақстанда TikTok-ты бұғаттауға шақырған болатын. Оның айтуынша, балалардың психикасы мен жалпы денсаулығына теріс әсер ететін, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен деректердің құпиялылығына қауіп төндіретін бейнекөріністер платформада кеңінен таралуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сириядағы жағдай Ресейдің күші шектеулі екенін көрсетіп отыр – саясаттанушы
Бүгін, 10:08

Сириядағы жағдай Ресейдің күші шектеулі екенін көрсетіп отыр – саясаттанушы

11-12 қарашадағы Астана келіссөзінен кейін сириялық тараптар арасында сенімсіздік күшейген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →