×

Сенатор Бибігүл Аққожина: Қазақстанда 9 жобаға 20 млрд доллар инвестиция тартылғалы жатыр

Бүгін Сенат осыған қатысты заңды мақұлдады

Сенатор Бибігүл Аққожина: Қазақстанда 9 жобаға 20 млрд доллар инвестиция тартылғалы жатыр
Parlam.kz

Сенатор Бибігүл Аққожина Қазақстанда 9 ірі жобаға 20 млрд доллар инвестиция тартылғалы жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бүгін Сенат осыған қатысты заңды мақұлдады.

«Келісім еліміздің аумағындағы телекоммуникация, энергетика, мұнай-химия, көлік, қаржы және басқа да салаларда 9 бірлескен нақты инвестициялық жобаны іске асыруды көздейді”, - деді сенатор Бибігүл Аққожина.

Бұл жобалар:

  • «Қашаған» кен орнындағы газ өңдеу зауыттары,
  • Қостанай облысындағы компрессорлық станция мен магистральдық газ құбыры,
  • «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісі,
  • Ертіс өзеніндегі су электр станциясы,
  • Қызылорда облысындағы электр станциясын салу жөніндегі жобалар,
  • сондай-ақ, «Береке Банк» акционерлік қоғамының акциясын және «Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% қатысу үлесін сатып алу бойынша жобалар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Қазақстан тауарларына баж салығын енгізуге қатысты Трампқа жауап берді
Бүгін, 11:00

Тоқаев Қазақстан тауарларына баж салығын енгізуге қатысты Трампқа жауап берді

Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →