×

Актриса Нұргүл Мыңғатова түсірілім кезінде жарақат алды

Нұргүл Мыңғатоваға әріптестері жедел көмек көрсетті.

Актриса Нұргүл Мыңғатова түсірілім кезінде жарақат алды
instagram.com/gulnur_mamasaripova

«Келінжан» телехикаясының кезекті түсірілімі кезінде актриса Нұргүл Мыңғатова күтпеген жағдайға тап болды. Ол темір бағанға маңдайын соғып, жарақат алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алайда актриса жарақатына қарамастан, түсірілімді тоқтатпай, жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылдаған. Түсірілім алаңындағы әріптестері дереу алғашқы көмек көрсетіп, тоңазытқыштағы мұздатылған етті шекесіне басқан. Сонымен қатар оның тіс жағдайын тексеріп, дәстүрлі әдіс – отпен аластау рәсімін жасаған.

Фильмнің продюсері Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі жазбасында:

Қауғалақтап жүріп трубаға соғылған ғой. Осы «Келінжанды» аман-есен аяқтасақ екен, – деп жазды.

Көпшілікке «Күлімхан апа» рөлімен танылған актриса Лейло Бекназар-Ханинга «келініне» мұз басып, аластау рәсімін өзі жүргізген.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға түрлі пікір білдірді:

Бірі «Отпен аластау дәстүрін көріп, қуанып қалдым» десе, тағы бірі «Режиссер Балқияның жылайтын сахнасын түсіріп жатқан сәті екен», деп жазды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Сіздің жылағаныңызды қаламаймын": Баян Алагөзова қазақтың "Қыз Жібегіне" пәтер алып беретін болды
07.05.2026ж. 09:39

"Сіздің жылағаныңызды қаламаймын": Баян Алагөзова қазақтың "Қыз Жібегіне" пәтер алып беретін болды

Продюсер Меруерт Өтекешоваға тон, зергерлік бұйымдар сыйлап, өмір бойы қаржылай қолдау көрсететінін айтты
Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →