×

Балаларға кітап қалай оқытамыз – белгілі коуч өмірлік тәжірибесін бөлісті

Ол 6-7 сыныпта оқитын балаларына қиял-ғажайып кітаптарын әперген

Балаларға кітап қалай оқытамыз – белгілі коуч өмірлік тәжірибесін бөлісті
Фото: readingeggs.com

Сүлеймен Демирель атындағы SDU университетінің оқытушысы, профориентолог, мотиватор, коуч Омарбек Көшкімбайұлы балаларды кітап оқыту қызықтыру бойынша өз әдісімен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біріншіден, кітап – үлкеннің де, кішінің де досы. Кітап оқыған адамның қиял-жады ерекше болады. Сөздік қоры молаяды. Бұған ешкімнің күмәні болмаса керек. Бірақ кітапты қалай оқимыз? Балаларға кітапты қалай қызықтырамыз? деген маңызды сұрақ бар. Ең алдымен өзімізден бастауды үйренейік. Мен мысалы 15 жылдық тәжірибесі бар педагог, профориентологпын. Біраз жылдан бері жоғары оқу орындарында қызмет атқарамын. Жоғары сынып оқушыларымен де байланыстамын. Кітап оқымаған баланың шешім шығара алмауын жиі байқаймын. Тіпті 10-11 сыныптарда болашақ мамандығын таңдайтын кезде кітап оқитын мен оқымайтынның арасында өте көп айырмашылық бар. Енді кітап оқыған баланың қиял-ғажайып оқиғалары, өмірге деген көзқарастары басқаша екенін байқап, кітап оқудың жастар арасында қаншалықты маңызды екенін байқап жатырмын», – дейді Омарбек Көшкімбайұлы.

Ол бұдан кейін келесі сұрақ – кітапты қалай оқытамыз болу керек деп отыр.

«Біз бірінші кезекте балаларға кітап оқы деп айта бермей, өзіміз оқып үлгі болуымыз керек. Балалар естігенді, айтқанды емес, көргенді қайталайды. Ата-аналар күніне 10 минут кітап оқу қағидасына сүйенуі тиіс. Былай қарасаң көп уақыт емес. Күйбең тіршілік, телефон, сериалмен де біраз уақыт кетіп жатыр. 10 минвт деген аса көп уақыт емес. Осы уақытта орташа есеппен 8-9 бет кітап оқи аласыз. Балалар да сосын сізді қайталайтын болады. Өзімізде бес бала бар. Оларға кітап оқуды қалай үрйеттік? Баланың деңгейінде кітап оқытқан абзал. Өткенде бір танысым балаларым кітап оқымай жатыр деген шағымын айтады. Қандай кітап бердім десем «Абай жолы» дейді. Ол балаға ауыр ғой десем, өзіміз кезінде оқыдық емес пе? дейді. Дегенмен қазір баланың дегейінде кітап оқытқан дұрыс. Өзім кезінде «Смарт кітапханадан» кітап алып оқытқанмын. Бұл жерде балалардың жас ерекшеліктерін ескеремін. Бірінші сынып оқушысы 150 сөз оқи алады. Одан бөлек қызығушықтарына да мән беру керек. Кейде фантазия, кейде ғылыми, роботтар, енді бірде әдеби кітаптарға қызығады. Сол қорапшаның ішінде бірнеше кітаптар алған едік. Кітаптардың иллюстрациясы керемет», – дейді коуч.

Ол 6-7 сыныпта оқитын балаларына қиял-ғажайып кітаптарын әперген. Қызы орысша Гари Поттерді оқыса, ұлы соның баламасы «Шоко әлемге» қызыққан. 

«Бұл Қазақстандағы алғашқы фэнтези. Ұлым кітапқа қызыққаны соншалықты оқиғаның ішіне еніп кете жаздады. Біреуін бітірген  соң, қалған екінші және үшінші бөлімдерін оқыды. Балалардың деңгейіне сәйкес қызығушылықтарын арттырдық. Әйелім екеуіміз ай сайын кітапқа отбасылық бюджетімізден белгілі бір қаржы бөліп, кітап дүкеніне апарамыз. Өздерінің таңдауларына мүмкіндік береді. Мен балаларыма кітаптың әр бетін оқығаны үшін 20 теңгеден бөлемін. Бұл біріншіден балаға мотивация, екіншіден қазіргі балалар оқы дегенге оқи салмайды. Сондықтан оларды қызықтыра алуымыз керек. Одан бөлек қаржылық сауаттылықты үйренеді. Кейде менен ақша сұрайды. Бірақ жай алғаннан қарағанда өзі еңбектеніп алған ақшаның қадірі жоғары екенін түсінеді. Кей кезде 100-200 бет оқығанға 3 -5 мың теңге алады. Бұл ақшаны ойыншық емес, планшет сияқты керек заттарына жинайды», – дейді Омарбек Көшкімбайұлы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →