×

«Жібек жолы» туристік пойызында 100-ден астам жолаушы сапарға шықты

Тур 16-20 қараша аралығында 5 күнге созылады

«Жібек жолы» туристік пойызында 100-ден астам жолаушы сапарға шықты
«Жолаушылар тасымалы» АҚ

Бүгін Алматы станциясынан «Жібек жолы» туристік пойызы өз сапарын бастады. Ұлттық тасымалдаушы іске қосқан бұл пойыз «Алматы–Түркістан–Ташкент–Алматы» бағыты бойынша жүреді. Тур 16-20 қараша аралығында 5 күнге созылады. Алғашқы сапарға 115 жолаушы аттанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл жоба Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Жобаны дамытуға ҚР Көлік министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласы мен Түркістан облысының әкімдіктері, сондай-ақ, «Өзбекстан темір жолдары» компаниясы серіктес ретінде үлес қосты», – деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының орынбасары Мұхит Тұрсынбаев.

Туристер Түркістанда бір күн, Ташкентте екі күн өткізеді. Бағдарлама барысында олар осы қалалардың көрікті жерлерін, әсем табиғат аймақтарын және қасиетті орындарын аралайды.

Барлық экскурсиялар кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен өтеді. Ал маршрут бойындағы қозғалыс туристік автобустар арқылы ұйымдастырылады.

Пойыз құрамына Қазақстанда шығарылған, бұрын басқа бағыттарда қолданылмаған 5 жаңа вагон қосылған. Қызмет көрсету тобына пойыз бастығы, сегіз жолсерік және бір электромеханик кіреді.

Пойыздың сырты мемлекеттік тудың бейнесімен безендірілсе, ішкі бөлімі ұлттық өрнектермен әшекейленген алтын түсті төсек-орындармен жабдықталған. Вагон-мейрамхана дәстүрлі стильде безендіріліп, ұлттық және еуропалық тағамдарды қамтитын мәзірді ұсынады.

Айта кетейік, туристік пойыз билеттері туристік агенттіктер арқылы сатылған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Алматы облысының егін шаруашылығы саласы биыл айтарлықтай жоғары нәтижелерге қол жеткізді
Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →