×

Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

16 желтоқсанда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткен болатын

Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу үшін «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, желтоқсан оқиғасына қатысушылар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Гүл шоқтарын қойғаннан кейін жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар дін өкілдері құрбандардың рухына арнап құран бағыштады.

Еске салайық, 16 желтоқсанда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткен болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Астанада экологиялық квиз өтті: жастар «ТазаҚазақстан» акциясына белсенді қатысты  
2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне салмағы 7 кг-ға дейін бір ғана қол жүгі кіреді
Қазіргі уақытқа дейін «KTZ Express» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →