×

«Қиямет күні қатты азапқа тартылатындар – суретшілер». Мүфтият жаңа пәтуа шығарды

Тірі жанның суретін салу. Бұл – ғұламалардың арасында тартысты мәселе.

«Қиямет күні қатты азапқа тартылатындар – суретшілер». Мүфтият жаңа пәтуа шығарды
Фото: buki-kz.com

ҚМДБ ғұламалар кеңесі сурет салуға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ғалымдар сурет салудың үкімін екіге бөліп қарастырады:

  • Жансыз заттардың суретін салу. Төрт мәзһабтың (ханафи, мәлики, шафиғи, ханбали) ғалымдары жансыз нәрселердің суретін салуға рұқсат етілгендігіне бірауыздан келіскен. Ибн Аббастан жеткен риуаятта сурет салушыға: «Бұдан басқа жұмыс жасай алмасаң, мына ағаштың суретін немесе кез келген жансыз затты бейнеленген» – деген.
  • Тірі жанның суретін салу. Бұл – ғұламалардың арасында тартысты мәселе. Жұмһур (ханафи, шафиғи, ханбали) ғалымдары тірі жанның толық бейнесін салуға тыйым салған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Қиямет күні қатты азапқа тартылатындар – суретшілер» – деген.

«Осы ретте заманымыздың ғалымдары ойыншыққа салыстыра отырып білім беру мақсатында жаны бар нәрсенің суретін салуға рұқсат берген. Сондай-ақ тәрбиелік мәні бар, пайдалы, шариғаттың қағидаттарына қайшы келмейтін мултьфильмдерді шығаруға да рұқсат етіледі», - делінген пәтуада.

Шешім:

  • Жансыз заттың суретін салуға рұқсат етіледі.
  • Білім беруде, ғылыми мақсатта жаны бар нәрсенің суретін салудың оқасы жоқ.
  • Тәрбиелік мәні бар, шариғаттың қағидаттарына қайшы келмейтін мултьфильмдерді шығаруға болады.
  • Пайғамбарлардың бейнесін бейнелеу – харам.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды
Өңірде 11 этномәдени бірлестік пен 9 қоғамдық құрылым табысты жұмыс жүргізуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →