×

Министр Ақмарал Әлназарова сүйек кемігінің доноры болды

Донорлар тізімін кеңейту қажеттілігі өзекті мәселе

Министр Ақмарал Әлназарова сүйек кемігінің доноры болды
Фото: instagram.com/akmaralalnazarova

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына барып, сүйек кемігі донорларының ұлттық реестріне тіркелу үшін донация рәсімінен өткенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Министрдің айтуынша, елімізде орта есепте 8 000-нан астам қан обырымен ауыратын пациент бар. 

"Олардың көпшілігі үшін қалпына келтірудің жалғыз үміті – сүйек кемігін трансплантаттау. Алайда туыс емес донорлар мен реципиенттердің арасындағы үйлесімділік ықтималдығы 10 000 жағдайға шаққанда 1-ді құрайды. Бұл донорлар тізімін кеңейту қажеттілігін одан да өзекті етеді", – дейді Ақмарал Әлназарова.

Министр бүгінде Гемопоэздік дің жасушалары донорларының ұлттық реестрінде (ГДЖ) 12 742 әлеуетті донор бар екенін мәлімдеді.

"Жыл сайын донорлардың саны артып келеді, бірақ пациенттердің генотипі науқастың сипаттамаларына сәйкес келетін адамды табу мүмкін болатын туыс емес донорларды таңдау мүмкіндігін кеңейту керек", – дейді ол.

Дүниежүзілік балалар обырына қарсы күрес күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі "Әрбір қан тамшысындағы өмір" акциясын жариялады. Ол сүйек кемігінің донорлығына және онкогематологиялық аурулары бар пациенттердің өмірін сақтауға қоғамның назарын аударуға бағытталған.

"Қазақстанда есепте 8 000-нан астам қан обырымен ауыратын пациент бар, жыл сайын 1 500-ге жуық жаңа жағдай, оның ішінде балалардың 600 жаңа жағдайы тіркеледі. Біз бұл адамдарға донор болу және сүйек кемігінің донорлығы бағдарламасын қолдау арқылы көмектесе аламыз. Донор болу қаншалықты маңызды екені туралы әрбір жан ойлануы тиіс. Сіздердің қосатын үлестеріңіз өз денсаулығы үшін күресіп жатқан адамдардың өмір сүруіне зор мүмкіндік береді", – деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →