×

Ұлттық экономика министрі Қуантыров қоғам өкілдеріне неге өкпелі

Ол «вейптерге тыйым салуға Ұлттық экономика министрлігі кедергі келтіріп отыр» деген айыптауға жауап берді

Ұлттық экономика министрі Қуантыров қоғам өкілдеріне неге өкпелі
inbusiness.kz

Әлібек Қуантыров «вейптерге тыйым салуға Ұлттық экономика министрлігі кедергі келтіріп отыр» деген айыптауға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрге вейптер жөнінде сұрақ қойған. Таяуда Денсаулық сақтау министрлігі вейптерді тыйым салу жөнінде дөңгелек үстел өткізген еді. Сол отырыста қоғам өкілдері «вейптерге тыйым салуға Ұлттық экономика министрлігі қарсы болып отыр» деген. 

Журналистер министрден «бұл айыптауларға қатысты не айтасыз?» деп сұрады.

«Әдеттегідей, Ұлттық экономика министрлігін айыптап жатыр. Тұрақты өзара әрекеттестіктің талдауы бар. Бұл үрдісте қандай да бір реттеу (жаңа заң жобасы немесе жаңашылдық) бизнестің құқығын шектемес үшін арнайы процестен өтуі керек. Қандай да бір заң жобасын әзірлейтін әр уәкілетті орган сол реттеуші әрекеттесу талдауынан (РӘТ) өтуі тиіс. Өкінішке қарай Денсаулық сақтау министрлігі сол талдаудан жарты жылдан бері өте алмай жүр», –  дейді ол.

Министрдің айтуынша, аталған ведомство РӘТ талаптарына сай құжатты әзірлемеген. 

«Біз шағын және орта бизнесті де ойлауымыз керек емес пе!? Егер олар бәрін ретімен жасаса (ДСМ), ендеше біз де дайынбыз. Өз басым вейптерге тыйым салуды қолдаймын. Тек реттеуші шараларды ұмытпау керек. Бәріне бірден тыйым сала салған келмейді. Әйтпесе қарсы емеспіз», –  дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Германиядағы немістер жәрмеңкеде «Қазақстанда туғанмын» деп ән салды
Бүгін, 16:07

Германиядағы немістер жәрмеңкеде «Қазақстанда туғанмын» деп ән салды

Германияда жыл сайын мереке күндері өткізіледі
Бала 18 мамыр күні ауруханадан үйіне жіберілді
Құтқарушылар алдын ала учаскелерді бөліп, көпшілік жүретін жерлерге арнайы белгі орнатты
Техникалық қадағалаушы анықталған соң, жұмыс кестесі бекітіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →