×

Экология министрі үш вице-министрін қызметтен шығарып жіберіп, жағдайды ушықтырды – сарапшы

Эколог министрдің жұмысын сынға алды

Экология министрі үш вице-министрін қызметтен шығарып жіберіп, жағдайды ушықтырды – сарапшы
Коллаж: Qaz365.kz

Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы, кәсіби эколог Лаура Мәлікова «Atameken Business» арнасының «Түскі формат» бағдарламасында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың жұмысын сынға алды, деп хабарлайды  Qaz365.kz

«Қаңтар» оқиғасынан кейін Экология министрлігінің мүшкіл. Жаңа министр өзі экологиядан хабары болмаса да, үш бірдей вице-министрін жұмыстан шығарып жіберген. 10 жылдан астам экология саласында тәжірибесі бар мамандарды алып тастады. Қазіргі министр өзі экология саласынан мүлдем бейхабар және қасына да сондайларды жинап алған. Сондықтан экология министрлігінде жұмыс істейтін адам жоқ. Қызметкерлерінің көбісі «чемоданный настроениеде» отыр», - дейді Лаура Мәлікова.

Шынымен, эколог айтқандай кадрлық өзгеріс өте көп екен. Вице-министрлері жиі ауысып тұрады. Мысалы, Ғалымжан Жанқуатов ақпан айында министрліктің аппарат басшысы болды. Бірақ көп ұзамай, 2 маусымда қызметінен кетті.

Зүлфия Сүлейменов жұмысқа кіріскен алты айдың ішінде вице-министрлерін жиі ауыстырған. Осы айдың басында бірден екі орынбасарын тағайындады. 
Нұркен Шәрбиев бірінші вице-министр, Мансұр Ошурбаев вице-министр қызметіне кірісті. 

Жалпы, 33 жастағы еліміздің бас экологының бес орынбасары бар. Жоғарыда айтқан екеуінен бөлек, тағы екеуін осы қыста қойған. Досбол Бекмағамбетов 27 ақпанда, Галидулла Азидуллинға 1 маусымда бұйрық шықты. Тек Нұрлан Құрмалаев 29 желтоқсаннан істейді екен. 

Лаура Мәлікова Семейдегі орман өртіне байланысты қайғылы жағдайға тоқтала келе, мұндай қиындыққа тап болуымыз бір күндегі мәселе емес екенін айтты.

«Негізі қателік қаңтар оқиғасынан кейінг министрлік жұмысының мүшкіл халге түсуі. Қазір отырған министрде, вице-министр де бірде-біреуі эколог емес. Қайдағы жоқ басқа саладан келген адамдар. Бүрын да талай өрт болған еді. Бірақ мынандай алқапқа жайылып, адам шығынын көрмедік. Ол кездегі басшылар мен мамандар да жауапкершілік бар еді. Ал қазір жағдай өзгеріп кеткен», - дейді эколог.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды
Облыстағы аграрлық мәселелер қалай шешілуде
Жиналған барлық қаражат әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →