×

Алматыда полиция постының шатырынан отшашу атқан жігіт қамалды

Хайп жасамақ болған жігіт ауыр жазаны күтпеген 

Алматыда полиция постының шатырынан отшашу атқан жігіт қамалды
Твиттер / @dp sko

Алматыда полиция постының шатырынан отшашу атқан вайнер 10 тәулікке қамауға алынды,  деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24 қарашада жас жігіт өзіне және өзінің жеке парақшасына назар аудартуды ұйғарып, Алматыдағы стационарлық полиция постының артқы жағынан төбесіне шығып, сол жерден отшашуды атып, кейін жасырынып қалған болатын. Біраз уақыттан кейін оның жеке басын полиция қызметкерлері анықтап, ұстаған.

“Вайнер өзі жасаған хайпты сот органы 10 күндік әкімшілік қамауға алумен бағалайды деп күтпеген. Оның жеке басы біраз уақыт оқшауланған, сондықтан бұзақының парақшасы әлі жаңартылған жоқ. Полицейлер мұндай заңсыз әрекеттердің қатаң түрде жолы кесілетінін ескертеді. Жетісу аудандық Полиция басқармасы БАҚ пен әлеуметтік желілердегі шуға әуес 21 жастағы жігіттің әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 2-бөлігі (Елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану) бойынша сараптады. Ол Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды”, – делінген Полиция департаменті хабарламасында..

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →