×

Ринат Зайытов МӘМС-тің кесірінен бір әйел егіз баласынан айырылып қалғанын айтады

Ринат Зайытовтың МӘМС қызметін уақытша тоқтату туралы ұсынысы қоғамда қызу пікірталас тудырды

Ринат Зайытов МӘМС-тің кесірінен бір әйел егіз баласынан айырылып қалғанын айтады
el.kz

Жақында Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов МӘМС қызметін уақытша тоқтату туралы ұсыныс айтқан еді. Оның бұл пікірі қоғамда қызу пікірталас тудырды. Осыдан кейін депутаттың өзімен тілдесіп, жағдайдың қаншалықты қиын екенін білдік, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ринат Зайытов 10 балдық шкаламен өлшесек, қызыл шкала 8-9-ға жетіп тұрғанын айтты.

«Бұл мәселені көтеруіме аудандағы улану фактісінің тіркелуі себеп болды. Кейін пікірлерді отырсам, осы МӘМС-тің кесірінен егіз баламнан айырылып қалдым деп жазған. Өйткені жедел-жәрдем келмейді, ауруханаға қабылдамайды. Өйткені мндетті медициналық сақтандыру дұрыс жұмыс істемейді. Бұл мәселе біздің Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің күн тәртібінде тұр. Маған дейін комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов те көтерген», - дейді депутат.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде пікір жазғандардың көбісі жағдайдың шынымен жетісіп тұрмағанын айтқан.

«МӘМС-ке төленген жарналар кімнің қалтасына құйылады? Осының дәл халыққа керегі жоқ», «Қолына анализ тапсыратын жолдама тигенше не өліп, не жазылып кетесің, Бір барған жеріңе 10 барасың ғой», МƏМС-тың машақатын талай көрдік. Ауылда шындығында сақтандыру қорында ақшаң болмаса аурухананың есігінен аттатпайды. Елдімекендерде малдан басқа тұрақты жұмыс көзі жоқ. Біздің еңбектеніп аударған қаржылармыз жоғарыдағы тойымсыз мешкей шенеуніктердің қалтасына түсіп жатыр. Халық биліктегілердің сауын сиыры болды», «Кардиологқа жазылсам, кезек 15 күннен кейін тиді. Учаскенің дәрігерін бір апта күтесіз. Бұл Астанадағы жағдай. Ал өңірлерде елестету тіптен қиын. Қашанғы осылай жүреміз», «Ринат мырза, осы МӘМС дегенді жаптырсаңыз осы қаншама халықтың алғысын алар едіңіз. Бос сөз күнінде қалдырмаңызшы»,- деген сарындағы пікірлер көптеп жазылған.

Жалпы жазылған пікірлерден МӘМС жүйесінен зардап шегіп жатқандардың көп екенін байқауға болады. Олардың тағы бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз.

Фарида Пернебекқызы:

-МӘМС тек жоғарыда отырған бірқатар лауазымды тұлғалардың пайдасына құрылғаны анық. Халыққа ешқандай пайдасы жоқ. Жұмыс істейтіндерді міндеттеп ақшасын аудартып жатыр. Жекенің жұмысын істейтіндер бұл жүйені пайдалана алмай жатыр. МӘМС түбегейлі жойылсын.

Айгүл Нұржанова:

- Абай облысы, Аягөз ауданы, Мыңбұлақ, Ақшәуліге жақын бір қайынсіңілім тұрушы еді. Биыл көктемде қайтыс болды. Қыста Семей қаласына барып, жарна төленбеген деп, қарала алмай қайтыпты. Малдан тапқан аздаған ақшаға тамақ ала ма, көмір ала ма, студенттер оқыта ма? Бұл билік ойланбайтын болды.

Гаухар Гоха:

-Бұл рас жағдай. Інімнің соқыршектен кейінгі тіккен жібін алмаған. Өйткені сақтандыруы болмаған.

Нұрлыбек Мұқанов:

-59 жастағы бір танысым бар. Жол апатынан кейін еңбекке денсаулығы жарамсыз. Ауылда оның денсаулығына сай жеңіл жұмыс жоқ. Денесіне бір жыл бұрын ісік пайда болып осы уақытқа дейін дәрігерге қарала алмай жүр. Диагонозын анықтап,қаралуға ақшам жетпейді дейді .Қаралу үшін бірінші медициналық сақтандыруға соңғы бір жылға ақша салуы керек. Одан әрі КТ,МРТ өтуі үшін де ақшасы жетпейді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы «Достық» саябағы тазартылды
Кеше, 17:28

Алматыдағы «Достық» саябағы тазартылды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады
Қуғын-сүргін бойынша деректі материалдың массиві анықталды ма

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →