×

Бекболат Тілеухан журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды «қуантты»

Маңдайы сәждеге тимей, жаннатқа жеткен сахабалар болған

Бекболат Тілеухан журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды «қуантты»
sputnik.kz

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Бекболат Тілеухан «елімізде уахабизм мен салафизм ағымына ресми тыйым салынса, сіз қарсы шығасыз ба, әлде қолдайсыз ба?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ешқашан тыйым сала алмайды. Салафизм деген не? Осыған жауап берсе, мен содан кейін айтайын. Егер салафизм деген соғысқа шақыру болса, қарсымын. Салафизм егер бүкіл тарихыңды күстәналайтын болса, қарсымын», – дейді жауабында экс-депутат.

Осы кезде журналист салафизмнің өзі екіге – тәкбірлік және мадхалиттік болып бөлінетінін атап өтеді. Сонда Бекболат Тілеухан мадхалиттік деген Сауд Арабиясындағы ресми биліктің шетелдік арнайы қызметтері арқылы жасап отырған позициясы екенін айтады. Оның сөзінше, Қазақстанға мадхализм мүлде келмейді, одан келетін зиян ұшан-теңіз.

«Таухидтің атын жамылғанымен, мадхализмнің арғы жағында бүкіл нәрсені теріске шығару, табдих, парыздан кейін тұрып кетпе, отырып қал, қолыңды көтеріп отыр дегендердің бәрі – шалтай-балтай. Бұл бізге келмейді. Мұны түсіндіруге біздің молдалар міндетті. Ал такфир деген – ең ауыр нәрсе. Ол бойынша «сен намаз оқымайсың» десе, сені «кәпір» дейді. Осы – такфир. Ал хикметте олай емес. Намаз оқымай өліп кеткен сахабалар болған. Мен сені қуантып қояйын. Маңдайы сәждеге тимей, өмірден өтіп кетіп, жаннатқа жеткен сахабалар болған. Сондықтан осындай нәрселер бар. Такфир мен мадхализм дейтін нәрселерге тыйым салатын болса, бұл дұрыс», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →