×

Алматы облысында екі ер адам 81 жастағы әйелді тұншықтырып, тонаған

Тергеу әрекеттері жүргізілуде

Алматы облысында екі ер адам 81 жастағы әйелді тұншықтырып, тонаған

Алматы облысында қарт әйелді тұншықтырып, оны тонап кеткен ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында үйінің ауласына медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіт кіріп, оны тұншықтырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткенін хабарлаған.

«28 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласының 1978 және 1989 жылғы екі тұрғыны ұсталды. Олар өз қылмыстарын толығымен мойындаған», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық зерттеу тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. 

Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мұны мен мистика деп атаймын»: Базарбек мемлекеттік органдардың есебіне күмәнданатынын ашық айтты
Бүгін, 20:30

«Мұны мен мистика деп атаймын»: Базарбек мемлекеттік органдардың есебіне күмәнданатынын ашық айтты

 Ұлттық қорға қаражат аударатын мұнай компанияларының саны 8,5 есе азайған
Әзілкеш құны 50 млн тұратын талон сатқан
Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →