×

Алматыда үшінші теміржол вокзалының орны белгілі болды

Жаңа теміржол вокзалының құрылысы басталады

Алматыда үшінші теміржол вокзалының орны белгілі болды
Фото: primeminister.kz

Алматыда үшінші теміржол вокзалын салуды көздейтін жоба таныстырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жоба бұрын жарияланған бірқатар құжатта, соның ішінде Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында және көлік қаңқасының шебер жоспарында көрініс тапқан.

Алатау ауданындағы Алматы-3 вокзалының құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешеніне кіреді. Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар, айналымға қосымша жолаушылар пойыздарын қосуға мүмкіндік береді, соның есебінен қалалық автожол инфрақұрылымының көлік жүктемесі азаяды.

«Жаңа теміржол платформасын салуға арналған аумақ «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға тиесілі магистральдық желіде орналасқан. Вокзал Мәдениет шағынауданы маңында салынады. Платформаны «Қазақстан темір жолы» салады. Біздің басты міндетіміз – ЕТЖ-да вокзал мен вокзал маңындағы алаңды қамтамасыз ету болды. Қазір 2 апта бұрын жарияланған көлік қаңқасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр. Біз оның мерзімін 2026-2027 жылдар деп қарастырып отырмыз», – деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →